©
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ-ның Маңғыстау облысы филиалының «Әлеуметтік қамтамасыз ету» бойынша Жаңаөзен қалалық бөлімінен жалпы зейнет жасына толған зейнеткерлерге зейнетақы, мүгедектер, асыраушысынан айырылған және «Алтын», «Күміс» алқа иегерлеріне мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындалады.
Мүгедектігіне байланысты жәрдеамқы әр жылдың ең төменгі күнкөріс деңгейінен (ЕТК) мүгедектік тобына қарай коэфициенттерге көбейту арқылы шығарылады.
(ЕТК) (коэфициент) Мысалы: 1 топ мүгедек 29698 * 1,92 = 57021 теңге. 2 топ мүгедек 29698 * 1,53 = 45438 теңге. 3 топ мүгедек 29698 * 1,04 = 30886 теңге.
Асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақы ең төменгі күнкөріс деңгейінен (ЕТК) асырауындағы балалардың санына қарай коэфиценттерге көбейту арқылы шығарылады.
(ЕТК) (коэфициент) Мысалы: Aсырауында 1 бала болса 29698 * 0,86 = 25541 теңге. Aсырауында 2 бала болса 29698 * 1,49 = 44251 теңге. Aсырауында 3 бала болса 29698 * 1,85 = 54942 теңге.
«Алтын», «Күміс» алқа иегерлеріне әр жылдың белгіленген айлық есептік көрсеткішін (АЕК) коэфициенттерге көбейту арқылы шығарылады.
(АЕК) (коэфициент) Мысалы: 2525 * 6,19 = 15630 теңге.
Ауған соғысына қатысушылар, Тыл ардагерлері мен көп балалы жанұяларға (4 және одан да көп балалы) арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындалады. Бұл категориядағы жәрдемақы алушыларға әр жылдың белгіленген айлық есептік көрсеткішін (АЕК) коэфициенттерге көбейту арқылы шығарылады.
(АЕК) (коэфициент) Мысалы: Ауған соғысына қатысушылар 2525 * 6,19 = 15630 теңге. Тыл ардагерлері 2525 * 2,13 = 5379 теңге. Көп балалы жанұя 2525*4,16 = 10504 теңге.
2018 жылдың 1 шілдесінен 18 жастан асқан 1-топ бала кезінен мүгедек 88 адамның күтушісіне жәрдемақы тағайындалған. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жүкілігіне және босануына байланысты, жұмысынан айырылу жағдайына байланысты жәрдемақылар төленеді.
Қазіргі таңда бір жолғы және бір жасқа дейінгі бала күтіміне 3500 адамға жәрдемақы төленіп отыр. Жәрдемақы бала санына қарай айлық есептік көрсеткішті (АЕК) белгіленген коэфициенттерге көбейту арқылы шығарылады.
(АЕК) (коэфициент) Мысалы: Бір жолғы жәрдемақы 1,2,3 туылған балаға 2525 * 38 = 95950 теңге. 4 және оданда көп балаға 2525 * 63 = 159075 теңге.
Бір жасқа дейінгі бала күтіміне 1-ші балаға 2525 * 5,76 = 14544 теңге. 2-ші балаға 2525 * 6,81 = 17196 теңге. 3-ші балаға 2525 * 7,85 = 19822 теңге. 4-ші балаға 2525 * 8,9 = 22473 теңге.Балия МҰҚАНОВА, «Азаматтарға арналған үкімет» МК» Маңғыстау облысы филиалының «Әлеуметтік қамтамасыз ету» бойынша Жаңаөзен қалалық бөлімінің басшысы