©
Өткен жылды қорытындылаған Түпқараған аудандық сот ұжымы қаралған істерде айыпталушыларға барлығы 7707660 теңге айыппұл салынып, 6275585 теңгесі өндірілгенін және әкімшілік айыппұл жазасы бойынша салынған 9448095 теңге айыппұлдың 8015026 теңгесі өндірілгені жайында брефингте хабарлады. - Статистикалық мәлімет бойынша 2018 жылы Түпқараған аудандық сотына 192 тұлғаға қатысты 171 қылмыстық іс түсіп, оның 191 тұлғаға қатысты 170 ісі қаралып аяқталған. Алдыңғы жылмен салыстырғанда аяқталған істер саны 62 іске, яғни 56,8% артқан, - деп мәлімдеді сот төрағасы Н.Тұржанов. Қылмыстық істердің өткен жылмен салыстырғандағы жоғары көрсеткішін масаң күйде көлік жүргізу және шетел азаматтарының ауданымызда заңсыз жұмыс жасау фактісі көбейтіп отырғанын да баса айтты. Есептік кезеңде 159 тұлғаға, 152 іске сот үкімі шығарылғаны, бостандығынан айыруға 4, бас бостандығынан шектеуге 37, шартты түрде 4, қоғамдық жұмысқа 27, айыппұл жазасына 76 тұлға сотталғаны да осы брефингте мәлімделді. - Сот ғимаратына азаматтар өз құқықтарын қорғануы үшін келеді. Барлық жағдайды келген азаматтарға ыңғайлы болуы үшін, соларға жақсы қызмет етуіміз үшін жасаймыз. Ғимаратта азаматтық және қылмыстық істерді қарауға арналған 2 сот залы толықтай қондырғылармен қамтылған. Мұрағат, кодификация, медиация, адвокат, прокурорға арналған кабинеттеріміз бар. Сот саласын жетілдіруге бағытталған жеті басымдық «Мінсіз судья», «Үлгілі сот», «Әділ процесс» «Татуласу: сотқа дейін және сотта», «Сапалы нәтиже», «Оңтайлы орта» және «Есот» деп аталатын басымдықтар бойынша да атқарылып жатқан істеріміз өте көп. БАҚ-пен қызмет орнату, Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бойынша академик, заңгер Салық Зиманов мұралары туралы бейнеролик түсірілгендігін хабарлаймыз. «Оңтайлы орта» басымдық бойынша қоғамның сотқа деген сенімін арттыру мақсатында кеңсе меңгерушісі Г.Ниязбаева аудан жастарын сот жұмысымен, сот жүйесіндегі жаңашылдықтармен, соттағы жаңа ІТ-технологиялармен сот саласын жетілдіруге бағытталған жеті басымдық бағдарламасының мақсатымен таныстырды. Сотта және «Нұр Отан» партиясы ғимаратында «Медиация» кабинеттері ашылды. Халық арасында Медиация заңын түсіндіру жұмыстары ай сайын жүргізілуде. Халықпен кездесулер өткізіліп, медиацияның тиімділігі, дауларды бітімгершілік жолмен шешу мүмкіндіктері туралы семинарлар өткізілді, - деді. - Біздің тағы жетістігіміз деп айтуға тұрарлық жұмысымыз «Татуласу: сотқа дейін және сотта» жобасы арқылы отбасын бұзу жағдайына келіп түскен арыздардың 60 пайызында татуластыру жұмыстарын жүргізе алуымыз. Дауларды бітімгершілік арқылы шешу мүмкіндіктерін азаматтарға кеңінен түсіндіріп және оның қолданылу аясын одан әрмен кеңейткіміз келеді. Болашақта жергілікті басшылықтармен біріккен үлкен жобаны іске асырмақшымыз. Нәтижесінде ажырасу процесі азаяды деп күтеміз. Одан бөлек қайырымдылық жасау, ілтипат көрсету сынды азаматтық борышымызды ұжым қызметкерлері қолдайды. Жаңа жылда және балаларды қорғау күні мерекелерінде балаларды тәттімен қуантсақ, 1 қыркүйек – Білім күніне орай мектеп формалары мен құралжабдықтармен кейбір балаларымыз қамтылды. Сот қызметкерінің негізгі міндетіне өзіне келіп түскен арызшағым бойынша заңды шешімін, үкімін шығару жатады. Ал қоғамдықұйымдастырушылық іс-шараларда белсенділік танытуы тұрғындармен сенімді байланыс орнатуға деген қадамдарымыз. Билер алқасының, медиатордың жұмыстарын нәтижелі ету Елбасының бұрыннан тапсырмасында бар. Жалпы алғанда сот жүйесінде атқарылып жатқан шаралардың негізгі мақсаты – соттар жұмысын тиімді ұйымдастыру, - деп түйіндеді.Өз тілшімізден