Күні кеше Ақтау қаласында Маңғыстау облысы әкімі Е.Тоғжановтың қатысуымен бас шыршаның шамы жағылды. Шараға жиналған қала халқы шырша шамын тамашалап, балалар ертегі кейіпкерлерімен әртүрлі викториналық ойындар ойнап, аяз атадан сыйлықтар алып, мәре-сәре болды.
https://youtu.be/EigPJHR3vngЖүздерін қуаныш кернеген тұрғындар бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп, тілектерін арнап жатты.
Қала халқымен бірге шараға арнайы қатысқан Маңғыстау облыстық мәдениет басқармасының басшысы Пәния Сармурзина да облыс жұртшылығына құттықтауын жолдады.
«Ақтау халқы үшін келе жатқан доңыз жылын қарсы алудың өз ерекшелігі бар. Өйткені жыл сайын қала тұрғындары үшін мерекелік көңіл-күй сыйлайтын шырша биылғы жылы жаңа алаңда құрылды. Қазақстанда теңдесі жоқ ұзындығы 73 метрді құрайтын мифтік сахына, оның үстінде қазақ халқына үлкен жітістіктер әкелетін, бақыт, молшылық сыйлайтын «Суынайғырдың» ескерткіші жаңа жылдық шыршамен бірге үндесіп, келер жылдан жақсылық күтетін тұрғындарға молшылық, бақыт, табыс, тыныштық, бейбіт өмір ала келсін деп тілейміз», - деді.
Айгүл ОРЫНБАЕВА Суреттер мен видеоны түсірген Талант ҚҰСАЙЫН
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="68272,68273,68276,68275,68277,68274"]