Ақтау қаласы әкімдігінің қолдауымен, қалалық жастар орталығының ұйымдастыруымен Абай атындағы мәдени-демалыс кешенінде қалалық "Жастар сыйлығын" табыстау рәсімі өтті.
Шараның негізгі мақсаты қоғамдық жұмыста өзін-өзі көрсете алған ғылым, өнер және қызметтік басқа да салаларында айтарлықтай жетістіктерге жеткен азаматтарды және қоғам алдында беделін көтеру мен талабын арттыру мақсатында өткізілді.
Байқауға қатысқан 50-ге жуық үміткердің тапсырған құжаты бойынша арнайы құрылған комиссия жеңімпаздарды анықтады.
Шара барысында Ақтау қалалық мәслихатының хатшысы Сембіғали Закенов жеңімпаз жастарымызды марапаттады.
Нәтижесінде «Жастар сыйлығы – 2018» премиясының 10 номинациясы бойынша жеңімпаздар анықталды.
«Жас көшбасшы» - Меруерт Қонақбаева, «Үздік спортшы» - Бауыржан Нарбаев, «Жас кәсіпкер» - Таңшолпан Әлиханова, «Жас тілші» - Жасұлан Мұқанұлы, «Жас мұғалім» - Самат Жүзбергенов, «Жас дарын» - Оспан Құлсымақ, «Жас мұнайшы» - Нұрбол Арықбаев, «Жас мемлекеттік қызметкер» - Нұрсейіт Айладыр, «Жас медицина қызметкері» - Серікқасым Төреханұлы, «Үздік құқық саласының қызметкері» - Мереке Деменов Ақтау қаласы әкімінің алғыс хатымен марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды.
Үміт ЖӘЛЕКЕ
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="66897,66899,66898,66900,66901"]