©
Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметінің жағалау күзеті өңірлік басқармасына қарасты 2201 «Б» әскери бөлімнің қызметтік жауынгерлері – теңіз тыныштығының сақшылары. Олардың атқаратын іс-әрекеттері шекараны күзету барысында тәртіп пен қадағалауды күшейтуден тұрады.
Ағымдағы жылдың 23 қарашасында арнайы жүргізген операциялық жұмыстарының екінші кезеңін аяқтаған бөлімше қызметкерлері жауынгерлік қызметінің қорытындысын шығарды. Ол туралы бізге 2201 «Б» әскери бөлімнің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар бөлімшесінің офицері, аға лейтенант Н.Сабыр хабарлады.
- Алға қойған тапсырмаларды орындау – барлық әскери қызметкерлердің борышы. Кеме командирлері жоғары дайындық пен ыждағаттылықты, кәсіби шеберліктерін көрсетті. Ішкі және аумақтық сулар ережесін бұзғаны үшін 3 су қайығы ұсталып, ҚР 7 азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жалпы сомасы 336700 теңгенің айыппұлы салынды. Олардың ішінде 593 дана бекіре тұқымдас балықтар саны, 7 дана итбалық саны болды. 186000 метр болатын ау және 6000 метр ұзындықтағы қармақ бортқа көтеріліп алынды, - деді ол.
Өз тілшімізден
Көрнекі сурет сайттың архивінен