©
ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті тапсырмасын орындау барысында, экономикада бәсекелестікті дамыту және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы мен табиғи монополиялардың қызметі үшін белгіленетін тарифтер саласында тәртіп орнату мақсатымен батыл шаралар қабылдау қажеттілігі бөлігінде ҚР Президенті Н.Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауы аясында, 2018 жылғы 19 қазанында жергілікті атқарушы органдар, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің қатысуымен «ӨзенЖылу» МКК-ның объектілеріне бару арқылы 2015-2019 жылдарға бекітілген Инвестициялық бағдарламаны және басқа да жөндеу жұмыстарын іске асыру барысын бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінің қатысуымен баспасөз-турын өткізді.
Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Бақыт Бекмұратов:
- Жылумен қамтамасыз ету мәселесі бойынша монополист болғандықтан тұрғындардың арасында тарифтің орындалысы, инвестициялық жобаның орындалысы бойынша есеп береді. Инвестициялық жобаның мерзімі 2015-2019 жыл аралығында. 3 жылдың есебін беріп, ақпарат құралдары бойынша тұрғындарға жеткізу мақсатымыз. Қолданылған тарифтердің орындалысы қаншалықты дұрыс екенін, төлеп жатқан ақшалары орынды ма, жоқ па деген секілді. Бұл сонымен қатар Елбасының 5 қазандағы Жолдауында айтқандай, ашықтық пен жариялылық, көрсетіліп жатқан қызметтердің барысын халық білсін деген мақсатпен ұйымдастырылып жатыр, - дейді.
«ӨзенЖылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны заңды тұлға ретінде 2005 жылдың 16 қаңтарында құрылды.
Кәсіпорын – көп қабатты тұрғын үйлердің тұрғындарын, өндірістік және өндірістік емес, коммерциялық құрылымдарды жылу энергиясымен, ыстық сумен қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, орталық жылу жүйесіне қосылмаған «Рахат», «Арай» және «Теңге» елді мекендердегі мектептермен балабақшалардың қазандықтарына қызмет көрсетеді. Кәсіпорын қарамағындағы жылу желілерінің ұзындығы 192,32 шақырымды құрайды.
Кәсіпорынның негізгі қызметінің түрлері:
ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті Маңғыстау облысы бойынша департаментінің 2015 жылғы сәуір айының 03-жұлдызындағы №37-НҚ бұйрығы негізінде, 2015-2019 жж. аралығында инвестициялық бағдарлама жобасы бекітілді.
Инвестициялық бағдарламаның жүзеге асыру бағыттары:
Инвестициялық бағдарламының негізгі іс-шаралар жоспарының тізімі: жылу қазандықтарын ауыстыру;сорғы жабдықтарының паркін ауыстыру, қазандықтардың технологиялық жабдықтарын жөндеу және жаңғырту; ППУ жылу оқшаулау құбырларының қорын сатып алу.
Инвестициялық бағдарлама жобасы арқылы кәсіпорынның қаражаты есебінен негізгі өндірістік нысандардың және қолданыстағы қазандықтардың технологиялық жабдықтардың тозуы себепті қайта жаңарту мен жаңғыртуға жалпы сомасы 194,0 млн.теңге жоспарланды. Инвестициялық бағдарлама жобасы аясында кезең-кезеңімен технологиялық жабдықтарды және қазандықтарды ауыстыру, экономайзер, деаэратор, желілік және азықтандыру сорғылары, жылуалмастырғыштар, газ қыздырғыштары, контакторлар, мотор, төтенше резервін сатып алу, құбырлар және көлік құралдарын, өртке қарсы жабдықтарды алуға мүмкіндіктер туады.
Инвестициялық бағдарламаны іске асырудың 1-ші жылының қорытындысы бойынша, яғни 2015 жылы кәсіпорын инвестицияларға 42 526,44 мың теңге жіберді, ол жоспардан 5 026 мың теңгеге артық, яғни 113,40 пайызға толықтай орындалды. Жоспарланған сомадан ауытқуы себепті, қазіргі нарық жағдайында технологиялық құрал жабдықтардың құнының жоғарылауы болып табылады.
2016 жылы кәсіпорын инвестицияларға 63 402,49 мың теңге жіберді, ол жоспардан 6 979,62 мың теңгеге артық, яғни 112,37 пайызға толықтай орындалды.
Ал, инвестициялық бағдарламаны іске асырудың 3-ші жылының қорытындысы бойынша, яғни 2017 жылы кәсіпорын инвестицияларға 27 649,40 мың теңге жіберді, яғни 70,67 пайызға орындалды. Жоспарланған сомадан ауытқуы себепті, инвестициялық бағларламаға салынған құрал-жаблықтарды сатып алу кезіндегі ұту бағасына сәйкес түсіндіріледі.
Кәсіпорынның орындалған инвестициялық бағдарламасының нәтижелері бойынша мыналарға қол жеткізілді:
2015 жылға дейін кәсіпорын автокөліктермен арнайы техникалардың жеткіліксіздігінен жеке кәсіпкерлермен келісім шарт негізінде 7 835,60 мың теңгеге автокөліктер жалға алынған. 2015-2019 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламаның іске асыруына байланысты яғни, өндіріске қажетті арнайы 5 дана (УАЗ) автокөліктермен жаңартылды.
Қазіргі таңда, кәсіпорынның жалға алу шығыны 7 835,60 мың теңгеге үнемделді.
Қызылсай және Аурухана жылу орталығына тұтынушылардың көбеюінен жаңа жылу қазандықтарға ауыстырылып, жылу беру сапасы жақсарып, кәсіпорынның кіріс көзі көбейді.
Орталық жылу қазандығына көпсекциялы қоректі сорғысы, тұз ерітіндісін қайта айдау сорғысы және электрқозғалтқыш құрал-жабдықтары алынып, тұтынушыларға жылу бері сапасы артып, арыз-шағымдары азайды.
Кәсіпорын қызметінің перспективалары
2018 жылы кәсіпорын 42 221 мың теңгеге инвестициялық бағдарламаны игеруді жоспарлап отыр. Инвестициялық бағдарламаны іске асыру шеңберінде тозығы жеткен құбырларды қайта жаңарту, жаңғырту, сондай-ақ қаланың жылу желілерін жұмысқа жарамды жағдайда ұстауға қажетті жабдықтарды, арнайы техниканы сатып алу бойынша іс-шаралар көзделген.
Сонымен қатар, көрсетілетін қызметтер сенімділігін қамтамасыз ету және сапасын арттыру үшін алдағы 2018-2019 жж. жылыту маусымына дайындау бойынша барлық қажетті іс-шаралар жүргізіледі.
Айтолқын БЕРІКҚЫЗЫ