©
Ауданның 90 жылдық мерейтойы қарсаңында аудан әкімдігінің мәжіліс залында ауданның экономикалық-әлеуметтік дамуына өзіндік үлес қосқан азаматтарға ауданның Құрметті азаматы атағы берілді.
Салтанатты шарада аудан әкімі Ж.Айтуаров пен аудандық мәслихат хатшысы А.Сарбалаев мемлекеттік қызмет саласының ардагері Серік Берішбаев, өндіріс саласының білікті қызметкері Нұрпейіс Сарсенбай, ауыл шаруашылығы саласының ардагері Кәдірбек Әбуов, ардагер құрылысшы Құсайын Үйсінбаев, мәдениет саласының ардагері Орын Құлсариевке ауданымыздың Құрметті азаматы атағын берді.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Сыныптасын жәбірлеген оқушылардың ісі комиссияда қаралдыСондай-ақ өңірдің өсу, өрлеу жолында қолтаңбасы қалған бір топ азаматтарға ауданнның 90 жылдық мерейтойына арналған төсбелгісі тағылды.
Өз тілшіміз