©
Маңғыстауда «7–20–25» бағдарламасы бойынша 194 өтінім қолдау тапты, - деп мəлімдеді Маңғыстау облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Эльдар Машырықов облыс əкімдігінде өткен аппараттық жиында.
Ол «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» жолдауындағы «7-20-25» бағдарламасы туралы баяндады.
"2018 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша 910,5 мың шаршы метр тұрғын үй қолданысқа берілді және даму деңгейі 137% құрады. Ал былтыр осы уақытта 664,8 мың шаршы метр тұрғын үй қолданысқа берілді", - деді Э.Машырықов.
Жыл соңына дейін іс жүзінде 1,0 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілуі тиіс. Облыс бойынша 1 тұрғынға 22,4 шаршы метр тұрғын үйден келеді. Қазақстан бойынша тұрғын үймен қамту көрсеткіші - 21,6 шаршы метр.
"Пайдалануға берілетін тұрғын үйлер көлемінің қарқыны жыл сайын 10%-ға өсіп отырса және халық саны 3%-ға өссе, тұрғын үймен қамтамасыз ету көлемі 2025 жылы 1 тұрғынға 30 шаршы метрді құрайды", - деді ол.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Жаңаөзенде 300-дей бизнес өкілі салық амнистиясын қолдануы мүмкін«7-20-25» ипотекалық тұрғын үй кредиттеу бағдарламасы негізінде 2-ші деңгейлі банктер арқылы 194 өтінім қолдау тапқан. Жалпы 1,6 млрд. теңгеге несие мақұлданған.
"Бұл бағдарлама аясында 700,0 млн. теңге бағыттау жоспарланып отыр. Нәтижесінде Маңғыстау облысындағы халықтың 1000 шақты пәтерді сатып алуға несие алу қолжетімділігін жақсартады", - деді басқарма басшысы.
Жыл соңына дейін Ақтау қаласында 2300 пәтер тапсырылады.
Айта кетерлігі, қосымша несиелер тұрғындарға қайтарымдылық, ақылылық және мақсатты пайдалану негіздерінде беріледі. Қосымша несиенің жылдық мөлшерлемесі 7%-дан аспайды, несие мерзімі – 3 жыл.
Камшат ӘБДІРАЙЫМ
Көрнекі сурет сайттың архивінен