«Өркениетті келешек» қоғамдық қорының төрайымы Гүлбаршын Қарабалина Түпқараған ауданының қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесіп, осы кеңестің жұмысы туралы мәселелерді қамтыды.
ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің тапсырмасын басшылыққа алып келген Г.Қарабалина «Қоғамдық кеңесті қалай жандандырамыз?» деген сұрақтан бастап, басқа да түрлі сұрақтарын дайындап келген. Ең алдымен қоғамдық кеңес мүшелерінің барлығынан өз жұмыстарына баға беруін сұрады.
- Қоғамдық кеңес туралы ҚР заңында жалпы ережесі, республикалық және жергілікті деңгейде қалыптастыру тәртібі, жүзеге асыру тәртібі, бақылау саласындағы өкілеттігін іске асыру тәртіптерінен тұратын тараулары және бабтарымен кеңес мүшелері таныс. Мысалы 3-бабында, қоғамдық кеңестердің мақсаты мен міндеттерін де:
Азаматтардың жеке мәселесін емес, елдің игілігіне жасалып жатырған істерді қамти алатын қоғамдық кеңес заңына өзгерістер енгізуін сұраймыз. Мысалы, аудандағы қоғамдық кеңесте 25 мүше болса, президиумда – 7 адам. Жұмысын толықтай жақсы дей алмаймын. Себебі қоғамдық кеңесті өткізетін, оның мүшелері отыратын біріншіден орын жоқ. Өзінің жеке кабинеті болмаса, оның мүшелері тұрақты кабинет ішінде отырмаса, басқа мүшелері ауданның басқа елді мекендерінен қашықтыққа байланысты кейде қатыса алмаса, байланыс құралдары жоқ болса, оның жұмысы өзөзінен тоқырауға түсетіні анық. Ережесімен толықтай таныспыз. Осы олқылықтары болмаса, жұмысын заңына сәйкес өз тарапымыздан жүргізіп отырмыз, - деді аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Демеген Садықов.
- Ережесінде қоғамдық кеңестің дербес, тәуелсіз болуы керектігі айтылған. Бірақ ешқандай қаржысы қарастырылмаған. Оның құрамында заңгері, эксперт мамандары жоқ, я болмаса осы мамандармен жұмыс жасай алатын қаржысы жоқ. Ол ешқандай қаржысы болмаса, қалай дербес әрі белсенді жұмыс жасай алады. Қазір әкімдік жанында қауымдастық кеңес бар, одан мына қоғамдық кеңес, әр мектеп жанында қамқоршылық кеңес деген тағы бар, аттары болмаса, барлығының жұмысы күшті болып жүріп жатқанын байқамаймыз. Осылардың барлығын министрліктерге жеткізерсіз, - деген ұсынысын айтты.
Шара соңын түйіндеген Г.Қарабалина бұл сауалнамаға 58 қоғамдық кеңес, 28 аудан және 14 қалалық кеңестер қамтылатынын айтып, барлық сауалнама нәтижесі министрлікке жолданатынын айтты. – Қоғамдық кеңестің жұмысы жүріп, азаматтар игілігіне толықтай жарап жатса, сауалнама өз нәтижесін бергені деп есептейміз. – деді қатысушылар.
Клара МЕҢДІБАЙҚЫЗЫ