©
Осы қыркүйек айының 20-сы күні Бейнеу ауданында жалпықазақстандық ашық диктант іс-шарасы ұйымдастырылды. Қазақстан халқы Ассамблеясының Астананың 20 жылдығына арналған «АСТАНА-БЕЙБІТШІЛІК БЕСІГІ» тақырыбында ашық диктант жазу іс-шарасы аудан орталығындағы «Бейнеу кітапханасы» мекемесінде болып, оған этномәдени бірлестіктердің жастары, студенттер мен мектеп оқушылары, қоғам белсенділері, жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.
Ашық диктант жазудың басталуында Қазақстан халқы Ассамблеясы «Қоғамдық келісім» аудандық кеңесінің төрағасы А.Ұлұқбанов Қазақстан Үкіметінің қаулысымен бекітілген «Қазақстан халқы Ассамблеясының 2025 жылға дейінгі даму тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2016-2018 жылдарға арналған жоспары» бойынша «Мың бала» республикалық мәдени ағарту» жобасын іске асыру мақсатында ұйымдастырылып отырғандығын айтып, қатысушыларға сәттіліктіледі. Содан соң осы шараға арнайы жасақталған комиссияға ашық диктант мәтіні жазылған конвертті тапсырды.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Лекториум қонағы — Рафаэль ҚарғабайКомиссия құрамындағы қазақ тілі мен әдебиетінің мамандары қатысушыларға «Астанабейбітшілік бесігі» тақырыбындағы диктант мәтінін оқып, жаздырды. Диктант жазуға қатысқан 50 адамның жазба жұмыстарын тексерген мамандар олардың көпшілігінің жазу үлгісі мен сауаттылығын, тіл байлығын байқап, бағалады.
Шараға Қазақстан халық Ассамблеясы Бейнеу ауданы бойынша сарапшысы Ш.Азанов қатысып отырды.
К.ШЕРУБАЙҰЛЫ
Көрнекі сурет сайттың архивінен