Жуырда Астананың 20 жылдығына арналып «Астана – бейбітшілік бесігі» тақырыбында жалпы қазақстандық диктант жазу жиыны өтті. Шара бір уақытта ортақ тақырыппен бүкіл республика аймағында жүргізілді. Аталған шараға біздің аумағымыздағы қала, аудандар да өз үлесін қосты.
Бес елдің Президенті бас қосқан Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратына ұстаздар мен оқушылар көптеп жиналды. Аймақтың оқу ошақтарынан 50 оқушы диктант жазуға келді. Пунктуациялық сауаттылықпен емле, стильдік қателерді жібермеуге келген оқушылардың көңіл күйі көтеріңкі.
Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Гүлжан Исмурзинаның айтуы бойынша, «Мың бала» әдеби ағарту жобасы аясында жалпы қазақстандық диктант 3-ші жылы өз деңгейінде ұйымдастырылып отыр. Шараның басты мақсаты – мемлекеттік тілдің мәртебесін арттырып, ел бірлігін нығайту. Қатысушы шәкірттерден жоғары нәтиже күтеміз деді, – ол өз сөзінде.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: «7-20-25» арқылы баспаналы болғысы келетіндерге кеңес– Диктант бағасы ұпаймен беріледі. Ең жоғарғы ұпай – 7. Егер азат жолын дұрыс қойып, әріптік, тыныс белгілерінде ешқандай қате болмаса, жұмысқа 7 деген баға қойылады. Қарапайым бір үтірді немесе сөз арасындағы бір әріпті тастап кеткен жағдайда, ол қатеге жатпайды, – деді Ақтау қаласы №29 жалпы білім беру орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Айжан Ұзақбай.
Оқушылардың жұмыстары Астанаға жіберіледі. Онда арнайы мамандар тексеріп, қорытындысы айтылады. Топтан озып, диктантты қатесіз жазған оқушыға ақшалай сыйлықтар мен марапаттар берілетін болады. Барша оқушыларға сәттілік тілейміз.
Зухра ӘБДІЛ-САТТАР