Құрық ауылының бұрынғы әкімі Қ.Шамұлының басқа қызметке ауысуына байланысты дүйсенбіде жаңа ауыл әкімінің сайлауы өтті. Ауыл әкіміне үміткер Қарақия аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің оқу ісі меңгерушісі Н.Жұмабаев пен Қарақия аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы М.Төлегеновтің кандидатурасы тіркелген болатын.
Үміткерлердің жоғары білімдерімен қатар мемлекеттік мекеме қызметтерінде еңбек өтілдері бар. Таңдаушылар жалпы жиналысында аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Д.Атағараев дауыс беру тәртібі туралы түсіндіріп өтті. Сайлаушылар отырысына аудандық мәслихаттың 8 депутаты және сайлау комиссиясының мүшелері қатысты. Сенім артылған халық қалаулылары бюллетеньмен жеке кабинада жасырын түрде дауыс берді. Өткізілген сайлау қорытындысында Төлегенов Манар Аманжолұлының кандидатурасы қолдау тауып, Құрық ауылының әкімі болып сайланды. Ауылдың көркейуі мен дамуына үлесін қосып, халқына жақын болған Қ.Құсайыновтың жолын жаңа әкім жалғайды деген сенімдеміз.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Шетелдерде оқып жүр…