Бүгін Ақтауға ҚР Парламент мәжілісінің депутаттары Асылбек Смағұлов, Өтебаев Сәкен, Хитуов Тарас және Мұсырман Кәрібай келді. Депутаттар Маңғыстау облысының әкімдігінде өңір басшысы Ералы Тоғжановпен кездесіп, аймақтың әлеуметтік-экономикалық мәселелерін талқылады. Сондай-ақ Ақтауда өтетін халықаралық маңызы бар шара - бес мемлекеттік бас қосатын Саммит жұмысына дайындық туралы да сөз қозғалды.
Депутаттардың ауылдарды аралаудағы мақсаты – Президент Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған 5 әлеуметтік бастамасын Маңғыстау облысының тұрғындарына түсіндіру.
Олар шілденің 9-18 аралығында Ақтау қаласында, 11 шілдеде Түпқараған ауданында, 12 шілдеде Қарақия ауданында, 13 шілдеде Мұнайлы ауданында, 16 шілдеде Маңғыстау ауданында, 17 шілдеде Бейнеу ауданында халықпен кездеседі.
Мәжіліс депутаттары ертең Форт-Шевченко қаласында НұрОтан партиясының конференц залында тұрғындармен жүздеспек. Мұнайлы ауданында Дәулет пен Баянды ауылының жұртшылығымен кездесіп, тұрғындардың сұрақтарына жауап береді.
Депутаттардың кездесу кестесі туралы толық ақпаратты «Нұр Отан» МО филиалынан біле аласыздар: 8 (7292) 42-97-48.
Асылзат ӨСЕРҚЫЗЫ Суретті түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ