Шараға Азия мен Еуропаның атақты медиаменеджерлері қатысуда.
Форум шілденің 10-12-сі аралығында өтеді. Үш күнге жалғасатын жиында әлемге танымал журналистер мен телерадио басшылары өзара тәжірибе алмасады.
Форум бірнеше бағытта өтеді. Оның біріншісі – «Азия елдеріндегі Радио», «Медиа 2020». Оның екеуі – диалог алаңы. Қатысушылар Азиядағы радионың дамуын бөлек қарап жатыр. Біз панельдік сессияға қатыстық. Отырыста мамандар радионың бүгіні мен келешегін талқылады. Шетелдік мамандар аудиотория жинау, тыңдармандарға қызықты хабарлар дайындаудың қыры-сырымен бөлісті. Әсіресе радиоадағы таңғы шоу бағдарламаларды дайындау жайы сөз болды.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Тыйым салынған аймақта суға түскендер айыппұл төлейдіФорумға Бельгия, Германия, Жапония, Қытай, арабтың хабар тарату қауымдастығы, Үндістан радиосының өкілдері арнайы келді. Медиамамандар телекөрермен мен радиотыңдаушыны қызықтырудың жаңа әдісін талқылайды. Қатысушылар телерадионың жаңа форматын қалыптастырудағы жеке тәжірибелерімен бөліседі. Және технологиялық модернизация жасау жайы сөз болмақ. Жалпы айтқанда Еуропа мен Азиядан 40 мемлекеттің өкілі бас қосады.
Ресми шаралар аяқталған соң, «ABU Radio Song Festival» деп аталатын радио фестиваль өтеді. Онда отандық және шетелдік жас әншілер өнер көрсетеді.
Дереккөз qazradio.fm