©
Туберкулез. Осы бір қауіпті дертті естігенде тұла бойың түршігіп сала береді. Ағзаңа бір енсе дендеп алып әрі-беріге дейін әбігерге салатын бұл аурудың аты да қорқынышты. Ал оны емдеу, алдын-алу, сауықтыру шаралары жер жүзінде жүзеге асырылып келеді. Бұл кесел қатты асқынғанда адамның өмірін де қияды. Облысымыздың барлық аудандарында бұл ауруға қарсы емдеу орталықтары бар. Соның бірі - Маңғыстау ауданы Тұщыбек ауылында орналасқан Естөре Оразақов атындағы санаторий құрт ауруымен күресуде өзіндік орны бар шипажай. Ақ халатты абзал жандардың кәсіби мерекесі қарсаңында мақалама арқау болғалы отырған кейіпкерім - осы шипажайдың белді дәрігері, халықтың алғысын арқалап жүрген абзал жан Берекет Төлепбергенов.
«Алтын алма, алғыс ал» деген қасиетті нақыл осы кісінің өмірінде өрнектеліп жатқандай. Бұл кісіні елдің алғысына бөлеген қолының қайыры мен жанының жомарттығы десек, қателеспейміз. Оның бойында кәсіби қызметіне адалдығы, ұжыммен және емделушілермен қарым-қатынасындағы адамгершілік, имандылық қасиеттері мен жоғары ұйымдастырушылық, біліктілік қабілеттілігі ұштасып жатыр. Жас баладан бастап еңкейген кәріге дейінгі науқастардың ауруларын анықтап, олардың алдын алу жолдарын қарастыруда алдына жан салған емес. Кезінде техниканың дамымаған тұстарында рентген машинасымен елдімекендерді айтпағанда, Үстірттің үсті, ала қырды талай шарлап, жүздеген, мыңдаған ауруларды осылай анықтаған. Ол еңбегін Гиппократ антына адалдық деп ойлайды. Сол еңбегі күні бүгінге дейін дәрігер, азаматтың арының арашасы болып келе жатыр.
Адам өміріне араша түсіп, жүздеген жанды өлім аузынан алып қалған ол білімін толықтырып, біліктілігін жетілдіре отырып, жоғарғы кәсіби маман дәрігер ретінде жауапты қызметтерді де асқан абырой, адалдықпен атқарып келеді. Еңбек жолын Таушық ауылындағы 100 төсектік Маңғыстау аудандық өкпе аурулары ауруханасында дәрігер-физиатор, кейін бас дәрігері болып бастаған ол 1972 жылы аудандық партия комитетінің шешімімен ол 1972 жылы аудандық партия комитетінің шешімімен ол 1972 жылы аудандық партия комитетінің шешімімен ұстамай, облыстық туберкулез диспансеріне жұмысқа жібереді. Өзен қаласындағы 50 төсектік қалалық туберкулез ауруханасының негізінде ұйымдастырылған аурухана 250 төсекке дейін ұлғайтылды. Бұл аурухананы облыстағытуберкулезді емдеу орталығына және оның базасында облыстағы флюорогрофиялық бақылау жүргізу орталығына айналдыруда қыруар ұйымдастыру шараларын іске асырып, қажырлы еңбек етті. 2000 жылдан бастап Тұщыбек шипажайындағы жұмысына қайта оралады.
«Адам жаны тым нәзік. Оның ішінде ауырып, әл-күші кеткен науқас адам кінәмшіл болады. Әсіресе туберкулезге шалдыққан, моральдық тұрғыдан шаршап тұрған адамды алдымен сөзбен емдеу керек. Оның жазылып кететініне, оған қоршаған ортаның үрке қарамайтынына сендіру керек. Сонда ғана ол тұрақты түрде емін жалғастыра алады. Құр айқайдан, құр жанталастан ештеңе шықпайды», - дейді білікті дәрігер.
Міне, адам жанының арашашысы болып, адал еңбек пен білігінің арқасында ел азаматтарының өмірін сақтап, республиканың денсаулық сақтау ісіне үлкен үлес қосып жүрген өз ісінің асқан шебері, үздігі десек, бұл сөзімізге оның арқасында өмірге қайта оралып, аман-сау тіршілік кешіп жатқан жүздеген адамның өз қолдарымен жазған алғысқа толы хаттары дәлел бола алады. Оның еңбегі мемлекеттік басқару орындары тарапынан лайықты бағаланып, марапатталып келеді. Ол екі мәрте «Қазақстан Республикасы еңбек ардагері» медалінің иегері, Маңғыстау ауданының Құрметті азаматы.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Кәсіпкерлер қолымен көркейген қалаӘсілінде саналы ғұмырыңды халыққа арнау үшін мінбелерге шығып сөйлеудің, түрлі саяси оқиғалардың көркін қыздырып, «жауы жоқ заманның» батыры атанудың қажеті шамалы.Қарапайым дәрігер бола тұра халықтың алғысын алып, ұлт денсаулығының сақшысы атанып жүрген Берекет Жаппасұлындай ақ халатты абзал жандар қаншама?! Өмірге келіп, өсіп-өніп, қай қызмет жолын бастасаң да әр адамның жүрегінде берік ұстанған серті болады. Серттен жалт беру – өз-өзіңді кешірілмес күнәға байлап бергенмен тең. Ал Гиппократ антын өзінің өмірлік ұстанымы ретінде қабылдап, қоғамның басты байлығы саналатын адам өмірінің сақшысы бола білген ақ халатты абзал жандардың ерен еңбегі, атқарған істері әрқашанда халықтың жадынан шықпауы тиіс. Соның бірі - Берекет Төлепбергеновтың ерен еңбегі деп нық сеніммен айта аламыз. Бүгінде жасы сексеннің сеңгіріне келіп, еңбегінің жемісін көріп отырған ақсақалды ата, балаларына жөн сілтер әкені мерекесімен құттықтай отырып, деніне саулық, отбасына амандық тілейміз.
Айгүл НОҒАЙХАН