Сәрсенбі күнінің кешінде «Дулыға» монументінде «Домбыра PARTY» шарасы өтті. Сазды кешке қала домбырашылары мен қала жастары қатысты.
Домбыра тарту шарасында «Дулыға» монументінің ішіне қазақы дастархан жайылып, күйшілер күй атасы Құрманғазының, Дәулеткерейдің, Тәттімбеттің, Секен, Нұрғиса, Әбдімомынның күйлерін төгіп, жыршылар Сүгір атамыздың жырларын орындады. Сонымен қатар, кешті тамашалауға келгендер арасында ниет білдірушілер өз өнерлерін көрсетті. Әкімхан есімді жас баянда ән орындап берді.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Зейнетақы жүйесіндегі оң өзгерістерҚасым БАЙТӨРЕЕВ, «Жаңаөзен қалалық жастар ресурстық орталығы» КММ бас маманы:
- Бүгінгідей шараны жастар орталығы дәстүрлі түрде өткізіп отырады. Мұндағы мақсат қазақтың ұлттық аспаптарын, соның ішінде жалпыхалықтық саз құралы ретінде домбыраны, ұлттық музыканы, ұлттық құндылықты сәнге айналдыру және жастар арасында насихаттау болып табылады. Осы реттегі домбыра тартуға қаламыздағы кіл дарындар жиналып, қазақтың мықты күйшілерінің, жыршыларының шығармаларын жоғары деңгейде орындап шықты.
Көңілді өткен шараны Жаңаөзен қалалық жастар ресурстық орталығының жанынан құрылған «Еріктілер клубы» ұйымдастырды. Қатысушыларға шара соңында Маңғыстау ақын-жырауларының кітаптары тарту етілді.
Жаңаөзен-Ақпарат