©
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың тікелей қолдауымен 1997 жылдан бастап «31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні» болып ресми түрде бекітілген болатын.
Елбасының бұл бастамасы зұлмат жылдары қырғынға ұшыраған жандардың есімдерін тарих бетінде мәңгілік қалдыру мақсатында қолға алынған баянды іс еді. Сол жылдан бастап құрбандарға арнап жер-жерде ескерткіштер орнатылып, олардың жатқан жерлерін іздестіру жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Тарих бетінде қастерлі күн саналатын 31 мамыр жыл сайын еске алу күні ретінде тұрақты түрде аталуда. Елдігіміздің, патриоттығымыздың, отансүйгіштігіміздің белгісін айқындайтын бұл қастерлі күнді жиірек насихаттап, еске түсіру, зұлмат жылдардың қалдырған сабағын елдің болашақ иелері – бүгінгі жастарға үйрету – аға ұрпақтың парызы. Осы арада Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның мақсаты – өзіне жау табу емес, болғанды болғанындай шынайы білу. Біздің мақсатымыз – жау іздеу емес, болған қасіретті ұмытпау, нақты тарихты білу, оны жазып қалдыру және біздің тұқым-жұрағаттарымыз білу үшін еске алып отыру. Біз әлдекімді немесе тарихты кінәлағымыз келмейді. Біз тек шындықты білгіміз келеді», – дегенінен өткеннің ащы сабағын біле жүріп, келешекке ойлы қадамдар жасау ниетінде екенін толық аңғарамыз.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Ағаштар неге шөлдейді?Енді тарихта «Зұлмат жылдар» деп аталған кезеңдердің азалы цифрларына орын берейік (қасіретті жылдардағы алапатты ешкім ешқашан ұмытпауы тиіс):
Міне, айрандай ұйып отырған қазақ еліне зұлмат жылдары қаншама қайғы мен қасірет әкелді. Қуғын-сүргін, ату, түрмеге қамаудың салдарынан қаншама адам зардап шекті, ажал құшты. Туған жерінен бас сауғалап, алыс-жақын өзге елдерге барып паналаған қандастарымыз қаншама?!. Бірақ көрер күніміз, атар таңымыз бар екен, сол қыршындардың көз жасы бүгінде тәуелсіздіктің арайлы ақ таңына жеткізді. Бұған тәубе дейміз. Енді азат еліміздің аспанын қара бұлт шалмасын, еліміздің көгінде көк байрағымыз мәңгі желбірей берсін!
Д.ХАНСҰЛТАН