Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысымен «Шаңырақ» қоғамдық қорының төрайымы, білім беру саласының үздігі Ырысгүл Игілікованың ұйымдастыруымен Түпқарағанда аудандық деңгейде «Үздік келін» сайысы өтті.
Сайысқа қатысушы келіндер 1 кезеңінде жеке басын ғана емес, өзі түтінін түтетіп отырған əулетті таныстыру керек екен. Келген жерінің белгілі тұлғалары туралы білуі маңызды. Келіндер əдемілеп «ата-енелеріміздің атын айтуға болмайды, бірақ осындай қызметтер жаса- ған» десе, бірі «осы əулетке түскен 9-келінмін, енем 17 баланы дүниеге əкелген» деген шумақтарды əнге қосып жатты. Қазіргі қоғамдағы қазақ келіні сайысында үйде келіндік міндетін атқарумен қатар тыста жауапты жұмыс пен жеке кəсібін өрге домалатып жүрген қазақ əйелдерінің бүгінгі бейнесін сомдау барысында келіндеріміздің жан-жақты екенін байқадық. Бірі төрт түлік малды бағып, оның сүтінен өнім өндіріп, құрт, балқаймақ, ірімшік жасап, үйіне қосымша қаржы тапса, бірі – шебер тігінші, бірінің тіл үйірер тəттілер əзірлеумен өз сүйікті істері арқылы табыс көзін тауып отырғандарын көрдік.
«Киіз үй – менің тірек, тұғырым ең» сайысында экраннан əр келінге киіз үй жабдығы көрсетіліп, мысалы, «шаңырақ, оның орналасуы, осы шаңыраққа байланысты қазақта қандай сөз тіркесін білесің?» деген тəрізді сұрақтар қойылды. "Ұршықтар – бүгін экспонаты көрменің" сайысында барлық келін де ұршық иірді. Балаларын сахнаға əкеліп, əлдилеген аналар «Бесік жырын» жатқа айтты. «Бесік жырын» айту – ана міндеті, аналары мен əжелерінен бала баптауды көріп өскен əрбір бойжеткен əлдиді жатқа айтары сөзсіз. Бұл сайыста барлық келіндер 5 деген баға алды. Бүгінде ұмыт болып бара жатырған қазақтың ырым-тыйымдарын сұрақ - жауап ретінде көрсеткен келіндер арасында білімді келіндер анықталды. Ал соңғы бөлім – «Үй тапсырмасында» қазақтың ұлттық тағамын дайындап келу жұмысы беріліпті. Бірақ ұйымдастырушылар бұл сайыста қазір мүлдем дайындалмай жүрген, қазақ дастарханының сəнін келтіретін, ескіні жаңғыртатын дəм іздегені байқалды. Сайыс өте тартысты өтті, келіндер барлық бөлімде де бірінен бірі басым түсті. Сайыс болған соң жеңімпаздарды да таңдау оңайға түспеді. Қызылөзен ауылының мəдениет үйі атынан қатысқан келін Аралбаева Ғалия бас жүлдемен марапатталды. Ғалия жарыстың 7 кезеңінде де басқалардан оқ бойы озық тұрды. Ынтымақ, бірлігі жарасқан, қазақи салт-дəстүрді жақсы сақтап, өнерлі жастарды түлетіп отырған байырғы Қызылөзен ауылының ибалы келіні Ғалия көрнекі слайдтар арқылы ауыл келінінің бір күнгі өмірін шебер жеткізе білді. Қазақтың ұршық иіруі, киіз үй туралы білгені, бесік жыры, таныстыруы-бəрі де көрермендер мен əділқазылардың қошеметіне ие болып отырды. Жас келіндерге үлгі етер нағыз ҚАЗАҚ КЕЛІНІ. Қазақтың ұршық иіру мен киіз басу өнерін күнделікті өмірде əлі де қолданыста игеріп отырғанын Ғалия дəлелдеді. Иірген жібі өте əдемі болып, көпшіліктің қошеметіне ие болды. Бүгінгі қоғамдағы қазақ келінінің образын сомдау кезінде ауыл келінінің бір күндік өмірін керемет бейнеүзік арқылы шебер көрсетті. Таңғы 6-да тұрып, сиырын са- уып, енесіне сəлем салып, таңғы асын беріп, балаларды сабаққа жіберіп, өзі жұмыс жасайтын «Толағай» балабақшасына жол тартады екен. Күндізгі өмірі елдің балаларына тəрбие беру болса, кешке үйге келіп, бешбармақты асып, бау-бақшаны суарып, қолмен су тасып, енесінен үйренген ісі – құрақ көрпелер тігуі жəне бар. Үш баланың анасы, ауыл келіндері мен үлкендерін жинап киіз басады екен.
1-орынды иеленген жас та болса жанып тұрған Форт-Шевченко қаласының келіні Жиембаева Әйгерім. Келін болғанына 8 жылдан асқан. Мамандығы педагог-психолог. «Ақбота» балабақшасында қызмет атқарады. Әйгерім Қызылөзен ауылының қызы екен. Өзі ата-енесімен тұрады. Күнделікті өмірде жолдасы, ата-енесінің көңілін тауып, бір үйдің ұйытқысы болуымен қатар 2016 жылдан бері Ақтау қаласынан торттар, тəттілер жасаудан шеберлер класын оқып алып, инстаграмнан «Форт-Шевченко тəттілері» парақшасын ашып, ауыл тұрғындарынан тапсырыс қабылдап отыр.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Маңғыстауда тағы да тепловоз бен көлік соғысты2-орынды иеленген келін Айтқалиева Назгүл – «Алпамыс» балабақшасының тəрбиешісі. Келін болғанына 10 жыл, ата-енесімен бірге тұрады, 4 баланың анасы. Бұл келін пысықтығымен, шапшаңдығымен көзге түсті.
3-орынды иеленген келін – Усербаева Жемісгүл. Үш баланың анасы, əзірге бала күтімімен үйде отырған өнерлі келін.
4-орынды иеленген келін - Джанебиелова Жансая «Құлыншақ» балабақшасының аспазы. Бектеміс жары əулиетінің келіні, өзі түтінін түтетіп отырған əулеттің ең үлкен келіні. Ата-енесі, екі қайнысы, екі келіні бар. Өзі үш қыздың анасы, келін болғанына 8 жыл. Аспаз үй тапсырмасына қазақтың ұлттық тағамдарынан 7 түрлі дəм ұсынып, өзінің тағамдарды шебер дайындайтынын дəлелдеді.
«Шаңырақ» қоғамдық қорының төрайымы Ы.Игілікова «Түпқараған ауданында керемет келіндер бар екен», – дейді ұйымдастырушы. Ақкетік келіндерінің қазақтың қаймағы бұзылмаған ауылдарынан келіп, сыннан сүрінбей өткеніне дəн риза. Осыған дейін Мұнайлы ауданында өткен сайысқа қарағанда біздің ауданның келіндерінің деңгейі əлдеқайда биік екенін аңғарыпты.
Жадыра ЖОЛДАСОВА