Астананың 20 жылдығы мен Ақтау қаласының 55 жылдық мерейтойына орай №21 мектептің 8-сынып оқушысы Көркем Сүгірбаеваның «Ару-Көктем» атты көрмесі өтті. Көрмеге мектеп басшылары, оқушылар және туынды авторының ата, әжелері қатысты.
Көркем – жастайынан түрлі бояуларды сурет арқылы сөйлетіп келген суретші. Қазірде Абыл Тарақұлы атындағы өнер мектебінің оқушысы. Көрмеде Көркемнің 40-қа жуық картинасы қойылды. Оның картиналарының басым көпшілігі табиғат көріністеріне арналған. Туған жерді, түрлі мезгілді сипаттайтын еңбектерін көрмеге қатысушылар аса қызығушылықпен тамашалады. Талантты жас суретші көптеген байқауларға қатысып, жүлделі орындарды иеленіп келеді. Жақында ғана республикалық байқауда жүлделі III орын алды.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Уәлихан «Адай» төртінші мәрте жеңіске жетті– Мен бала кезімнен сурет салумен айналысамын. Көбіне табиғатты салғанды ұнатамын. Менің көрмемді ұйымдастырған мектеп басшылығы мен ата-анама алғысымды білдіремін, – деді Көркем Сүгірбаева.
Шара барысында суретшінің ұстаздары, сыныптастары Көркемге сәттілік тілеп, сыйлықтар тарту етті.
Зухра ӘБДІЛ-САТТАР