©
Бүгінде түрлі себеппен ажырасып жатқан отбасын көру үйреншікті жағдайға айналып кетті. Ажырасу кім-кімге де оңай тимейтіні анық. Ал оның себептерінің арасында отбасының материалдық жағдайының төмендігі де бар.
Қарақия аудандық сотында отбасын бұзғысы келген жұбайлардың ісі қаралды. Талап қоюшы сотқа жүгінген арызында жауапкермен заңды некеге тіркелгенін, ортақ некеден 3 баласы барлығын айтқан. Бірнеше жыл отасқан жарының отбасын материалдық тұрғыда қамтамасыз етпей отырғанын, балалардың тәрбиесіне мүлде көңіл бөлмейтінін де айтып, соттан некені бұзуды сұраған. Бұл туралы Қарақия аудандық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
Сот талап қоюшы А мен жауапкер Ж.-ны татуластырып, оларды келісімге шақырған. Медиативтік келісімге сәйкес жұбайлар бір-бірімен жанжалдаспауға, балаларының өміріне кері әсерін тигізбеуге уәделерін берген.
Осылайша сотта медиацияның көмегімен бір отбасы сақталды.
Камшат ОҢҒАЛТАЙ
Көрнекі сурет сайттың архивінен