Ақтау қаласындағы «Ас төр үй» мейрамханасында Маңғыстау облыстық орталық мешіті мен қалалық Бекет ата мешітінің ұйымдастыруымен журналистермен кездесу өтті.
Дін тақырыбында қалам тербеп, жұртшылықты қоғамның діни өмірі, мешіттердегі жаңалықтар жайында құлағдар етіп жүрген БАҚ өкілдері мен облыс орталығындағы дін өкілдері қасиетті Ережеп айының басталуы құрметіне ақ дастархан басында бас қосып, ашық-жарқын әңгімелесті.
- Біздің міндетіміз халқымызға ата дініміз Исламды насихаттап, Алланың хақ жолын үйрету болса, журналистер осы жолда атқарылып жатқан жұмыстарды оқырмандар мен тыңдармандарға жеткізеді,-деді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкіл имамы Смайл Сейтбеков.-Барлығымыздың мақсат-мүддеміз ортақ. БАҚ қызметкерлері біздің жұмысымызға қолдау көрсетіп, көмектесіп келе жатыр. Алдағы уақытта да осынау маңызды істі бірге жүргізе береміз деп үміттенеміз.
Асыл дініміз кең қанат жайған бүгінгі таңда Ислам дініне күйе жағылып жатқаны жасырын емес. Дінге қатысты туындап жатқан басқа да күрделі мәселелер аз емес. Өкіл имам мен Ақтау қалалық Бекет ата мешітінің бас имамы Зиядолла Еміл журналистердің дін тақырыбын жазарда қазіргі жағдайларға баса назар аудару қажеттігін қаперге берді.
Басқосу соңында журналстер бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Валентина ҚОЗЫБАҚОВА
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Көрмеде — ұлттық тағамдар