Балалар мен жастарды мейлі жақсы, мейлі жаман, қандай әдетке болса да баулу үшін ынталандыра білу керек. Өкінішке орай, бүгінде қоғамымызда болып жатқан небір жайсыз жайттардың көбісі жаман әдеттерге білдіртпей, астарлай баулудың «жемісі». Жастарды кітап оқып, айналаға ойлана қарап, ойлы сана қалыптастырудан алшақтататын әрекеттерге қарсы жұмыс жүргізіп жатқан мекемелердің бірі ретінде өңіріміздегі орталық мешіт жанындағы медресені атап өтуге болар еді. Медреседе таяуда ғана «Оқу—білім бұлағы» атты білім сайысының өтуі — осының айғағы.
- Байқау сұрақтары «Ислам ғылымхалы» кітабынан келді, - дейді мекеме директоры Бердімұрат Қасымов. - Сұрақтарға жауап билет алу арқылы берілді. Білім байқауына қатысқан шәкірттеріміздің барлығы «Ислам ғылымхалын» жақсы оқығандарын байқатты. Риза болдық. Дегенмен, жарыс болған соң жүзден жүйріктің бәйге алатыны анық. Ұстаздар қойған сұрақтарға мүдірмей жауап беріп, сыннан сүрінбей өткен балалар тиесілі орындарды иеленді. Атап айтқанда, 1-орын Заңғарбек Таңбай, 2-орын Алиха, 3-орын Темірланға берілді. Жеңімпаз шәкірттер арнайы сыйлықтармен марапатталды.
Валентина ҚОЗЫБАҚОВА
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Жаңа дәрімен емдеу қолға алынды