©
Маңғыстау облысының белгілі оташы дәрігері Талғат Естұрғанұлы Мұқантаев Елбасының үндеуі бойынша ұйымдастырылған «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы жеңімпаздарымен кездесуге қатысып, «Құрмет» орденімен марапатталғанын білеміз. Сол кездесуде Елбасы мақтаулы мамандарға «Елге аянбай еңбек етіңдер!» деп тілек айтқан.
Міне, бүгін Талғат Естұрғанұлы тағы бір үлкен ғылыми жетістігімен қуантып отыр. Аптаның алғашқы күні Мәскеу медицина университетінің ғылыми кеңесінде маңғыстаулық дәрігер диссертациясын ойдағыдай қорғап, медицина ғылымдарының докторы деген мәртебелі атаққа ие болды.
Талғат Естұрғанұлын осы бір жаңа табысымен шын жүректен құттықтай отырып, ел алғысына бөленіп, табыстан табысқа жете берсін деген тілегімді білдіремін.
Сүлеймен БЕРДӘУЛЕТҰЛЫ ғалым-дәрігер