Тарас Шевченко 1814 жылдың 9 наурызында туылып, 1861 жылы 10 наурыз күні 47 жасында дүние салған. Әйгілі украин-казак ақынын туған күні қарсаңында Форт-Шевченко музейі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен еске алу шарасы өтті.
Шараға Украинаның Қазақстандағы елшісі Володимир Джиджора, украина халқы диас- порасының өкілдері, мектеп оқушылары мен ұстаздар қауымы, аудан әкімінің орын- басары Т.Алтынғалиев, қала әкімі М.Дощанов қатысты.
– Құшағы ыстық, досқа ашық, киелі қазақ жеріне өз еркінсіз келген Тарас Шевченко сіздің топырақта өзінің ең таңдаулы шығармаларын тудырды. Суретші, ақын ретінде талантының жарқын жақтары осы топырақта жарық көрді. Ол Қазақстанды әлемге ашты. Әрбір украиндық үшін киелі саналатын Маңғыстау жеріне келіп, Т.Шевченконың әруағы мен осындағы қазақтарға ақын жайлы естеліктерді сақтап, қорғап отырған барлық жанға бас ию мақсатында келіп тұрмыз. Әр ұлттың басы қосылған Қазақстанда Тарас арқылы украиндықтар да бар болғаны үшін қуаныштымын және Шевченко үшін алғысымды білдіремін, - деді Украинаның Қазақстандағы елшісі Володимир Джиджора.
Украинаның шетелдегі алғашқы елшісі болған, қазақ халқының бауырмал, мейірімді, қонақжай халық ретінде бүгінгі күнге дейін сол достықтың тіні тарқамай халықтар арасындағы бірлікті нығайта түсуге негізделген саясат мақсатында ғұмырының 7 жылын киелі Маңғыстау топырағында айдауда өткізген Т.Г.Шевченконың құрметіне аудан орталығы әлі сол кісінің атымен аталынуының өзі, жарты ғасырға жетпейтін қиын да азапқа толы өмірінде көрген бейнеті, ол өмірден өткенге биыл 157 жыл толып, ақынның 204 жылдығы құрметпен аталынып өтуі, әлі күнге дейін тірі жүруі тарихты ардақтаған қазақ халқының дос болғанға құшақ жаяр туыс екендігін дәлелдейді.
Жадыра ЖОЛДАСОВА
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Маңызы зор бастама