Президент Н.Ә.Назарбаев жария еткен «Бес әлеуметтік бастаманың» әрқайсысы - біздің халқымыз үшін үлкен берекенің бастауы.
Аталған үндеуінде Елбасы «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» деген ауқымды әлеуметтік жобаны жүзеге асыруға бастама жасады. Бұл жоба аясында әлеуметтік нақты мәселелерді шешуге бағытталған 5 негізгі басымдықтар анықталды. Тұрғын үйге қол жетімділік деген өте тамаша шешім. Осы орайда «7-20-25» бағдарламасы ипотекалық несиенің жылдық мөлшерін 7 пайыздан асырмайтын талапты ескеріп отыр. Ата Заңымыздың бірінші бабында «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады» деген сөздер бар. Елбасымыздың бұл жолғы халыққа Үндеуі сол қағиданың айқын дәлелі.
Салтанат ШИНБАЕВА, № 14 орта мектептің тәрбиежөніндегі орынбасары
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Өнерде өшпес бейнелер