Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Президенттің 5 әлеуметтік бастамасы» атты халыққа Үндеуінің үшінші бастамасы: «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсартуға» бағытталады.
Елбасы қазіргі таңда жоғары оқу орындарында жыл сайын бөлінетін 54 мың грантқа алдағы жылы тағы 20 мың грант қоса бөлуді тапсырды. 2018 жылдың қаңтар айында жарияланған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы даму» атты Жолдау жаңа экономикада зор сұранысқа ие болатын мыңдаған жаңа маманды даярлауға қажеттілік тудырып отыр. Демек, жастардың еңбек етуіне, жаңа кәсіптерді игеруіне мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған зор қамқорлықтың айғағы. Бағдарлама аясын-да жастарды жоғары біліммен қамти отырып, елде әлемдік стандартқа сай білім беру жүйесін қалыптастырамыз.
Мөлдір СОЦИАЛОВА, Жаңаөзен қалалық жастар ресурстық орталығының бас маманы
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Жаңаөзен қаласы — мұрағат құжаттарында