Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжановтың төрағалығымен кеше өткен аппараттық жиынның күн тәртібінде аймақтағы инфрақұрылымды дамытудың 2015–2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы, діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013–2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру қорытындысы және қоғамдық денсаулықты қорғау қызметінің жұмысы туралы мәселелер қаралды.
Инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың барысы туралы облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Әліби Көшербаев баяндады.
Оның айтуынша, өңірде мынадай инвестициялық жобалар қарастырылған: «Боржақты – Ерсай» теміржол желісінің құрылысы (13,9 км). Ақтау халықаралық теңіз сауда портын солтүстік бағытқа кеңейту. Бұл – құрғақ жүктерді жылына 3 млн. тоннаға дейін жеткізу мүмкіндігі бар заманауи көп мақсатты терминал. 2017 жылы металдар, астық, тамақ өнімдері, құрылыс материалдары және т.б. қоса алғанда 1 016 600 тонна жүк тасымалданды. Ұзындығы 170 км құрайтын «Шетпе – Жетібай – Ақтау» учаскесіндегі автокөлік жолдарын қайта құру жұмыстары толық аяқталып, 2017 жылдың желтоқсанында нысан іске қосылды.
Құрық портында паром кешенін салу және әмбебап жүк-жолаушылар паромдарын пайдалану. 2018 жылдың қаңтарында Құрық порты арқылы тасымалданған жүк көлемі 89,7 мың тоннаны құрады. Құрық порты дамуының екінші кезеңінде порт суы учаскесін тереңдету жұмыстары, автопарк құрылысы, шығыс, батыс суларының гидроэлектрлік құрылыстары бойынша аяқталған жұмыстар ауқымы, сондай-ақ қосалқы және сервистік мақсаттағы объектілер мен көлік объектілері құрылысының жүріп жатқандығы айтылды.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Қазаққа келін болған Мария қыз"Шетпе–Бейнеу" жолын қайта жаңарту. Нысанның аяқталу мерзімі 2018 жылдың 3 тоқсанына жоспарланған. «Бейнеу – Ақжігіт - Өзбекстанның мемлекеттік шекарасы» автожолын қайта құру көзделіп отыр. «Жетібай - Жаңаөзен» автожолын қайта құру бойынша 2018 жылдың наурызында мердігерлер құрылыс-монтаж жұмыстарын бастайды. Сондай-ақ Құрық – Жетібай арасындағы тасжол құрылысы 2021 жылы аяқталатындығы белгілі болды.
Жиында Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013 – 2017 жылдардағы мемлекеттік бағдарламасын іске асыру қорытындысы туралы облыс әкімі аппаратының құқық қорғау органдарымен жұмыс, терроризмге қарсы іс-қимыл және жұмылдыру дайындығы бөлімінің басшысы Сымбат Төретаев мәлімдеді.
Ол есепті кезеңде (2013-2017 жж.) ақпараттық-түсіндірме топ мүшелері халық арасында 330 мың адамды қамтитын 2700-ден астам әр түрлі форматта іс-шаралар өткізгенін, оның ішінде 989 шарамен 103 мыңнан астам жастар қамтылғанын, 55 мыңнан астам балаларды қамтитын 9 әскери патриоттық клуб пен 86 жасөспірімдер клубы, «Жас ұлан», «Жас Қыран» балалар мен жастар ұйымдары құрылғанын және облыстағы барлық білім беру ошақтары заманауи қорғаныспен, дабыл жүйелерімен және бейнебақылау камераларымен 100% қамтамасыз етілгенін, басқа да талай шаралардың жасалғанын тізбелеп шықты. Алайда ол облыс әкімінің қазіргі таңда аймақта салафиттік бағытты ұстанған қанша адам есепте тұрғаны жөнінде сұрағына нақты жауап бере алмады. Бұл мәселенің мемлекет және қоғам үшін аса маңызды болып отырғанын айтып, оны сынға алған аймақ басшысы, жағдайды тереңірек қарастырып, алдағы аптада қайта баяндауды тапсырды. Нақты ахуалға байланысты жат ағымға түскендер қатарының өсіп, бүгінде 1529 адамға жеткенін еске салды әкім.
Қоғамдық денсаулықты қорғау жұмыстарының жай-күйін сөз еткен Б.Өтесіновтің баяндамасы да ұзаққа бармай үзілді. Осы бағытта жүйелі жұмысты жолға қоюға қажет нақты да толымды жоспар жасақталмағынын сынға алған облыс әкімі, сондай-ақ кезінде уран кенін өндіруге қатысты жұмыстармен айналысқан ХГМЗ зауыты аумағындағы радиациялық зиянды қалдықтардың сатылуы туралы деректердің орын алғанын қозғап, тиісті бақылау жасалмай отырғандығын алға тартты.
Арадағы сәл үзілістен кейін облыс әкімі жиналғандармен тікелей эфирде берілген Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуін бірге тыңдап, мәжіліс жалғасында Елбасының әр бастамасына қатысты талаптарды нақтылап, тиісті орындарға тапсырмалар берді.
Өз хабаршымыз Суреттерді түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="49630,49628,49629"]