Мұнайлы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері Мұнайлы ауданының №1 жалпы білім беру орта мектебiнде «Азаматтық қорғаныс» күнiне орай іc-шаралар жүргізген болатын.
БӘД оқытушы — ұйымдастырушы «Азаматтық қорғаныс күнiн өткiзу туралы» мектептiң Азаматтық қорғаныс басшысының бұйрығын оқыған, Бүкiләлемдiк Азаматтық қорғаныс күнiне арналған жалпы мектеп жиынынан басталды. Одан кейін мектептiң Азаматтық қорғаныс штабының басшысы (оқу iсiнiң меңгеушiсi) оқушылар мен оқытушыларға күндi өткiзу жоспарымен таныстырды, ал жоғары сынып оқушылары қатысушыларға осы күннiң пайда болу тарихы жайында айтты.
Мерекелiк шарадан соң, 5-11 сыныптардың сынып жетекшiлерi «Халықтың өрттiң пайда болу кезiндегi iс-қимылдары» және «Қыс мезгілінде су қоймалардағы қауiпсiздiк шаралары» тақырыбындағы слайдтарды қолданып сынып сағаттар өткiзді.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Жаңаөзенде қайырымды жандар барСонымен қатар №1 Жалпы білім беру орта мектебі оқушылары, №1 Балдырған балабақшасы кішкентай бүлдіршіндермен азаматтық қорғаныс тақырыбына байланысты: «Азаматтық қорғау балалардың көзімен» атты сурет салу байқауы өтті. Женімпаздар мадақтамалармен марапатталды. Сол өткізілген іс шаралар тәмәмдауда жас бүлдіршіндер үлкен қуанышқа кенелді. Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлеріне өткізілген күнге риза болды. Сол тұрғыда 10-11 сыныптарының күштерiмен құтқарушылардың жұмыстары көрсетiлген болатын. Мектеп оқушыларына жалпы әскери қорғау жинағы, газқағар қию, сынық жарақаттары кезiнде алғашқы медициналық көмек көрсету, зардап шеккен адамдарды тасымалдау ережелерi таныстырылды.
Iс-шара балаларға да, үлкендерге де мазмұнды бiлiм мен дағдылармен пайдалы болып, мектеп ұжымына тәжiрибелiк бiлiмдерiн жаттықтыруды нығайтуға мүмкiндiк бердi.
Маңғыстау облысы ТЖД