Маңғыстау облыстық мәслихаттың денсаулық сақтау комиссиясының мүшелері Мұнайлы ауданында болып қайтты. Халық пен билік арасындағы дәнекерлер алдымен аудандағы емханада қоғамдық қабылдау ұйымдастырды. Аудан тұрғындарының денсаулық саласындағы күрделі мәселелеріне депутаттар өздері тікелей куә болды.
- Халық көп шоғырланған ауданда аурухана мен білікті дәрігерлердің жоқтығы қынжылтады,- дейді тұрғындар. - Аудандық қоғамдық қабылдауға келгендердің барлығы да ауруына ем іздеп жүргендер. Ауданда терапевт, логопед, невропотолог, кардиолог дәрігерлері тапшы. Сондай-ақ аудан тұрғындары дәрі-дәрмектің бағасы тұрақсыз және әр дәріханада баға әр түрлі.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Тегін дәрілерді ақшаға сату фактілері бар — Ерболат Досаев«Аудандағы 150 мың халыққа аурухана салу өзекті мәселе. Бұл мәселемен біз былтырдан бері айналысып келеміз. Ұсыныс бердік, мәселе оңынан шешіледі деген ойымыз бар»,- дейді облыстық мәслихаттың депутаты Аббат Өрісбаев өз сөзінде.
Баланы да, ересекті де бір невропотолог қарайды. Балалы аналар таңертең келіп кешке дейін кезек күтуге мәжбүр. Депутаттар әр тұрғынның өтініші мен ұсынысын мұқият тыңдады. Одан соң халық қалаулылары ауруханаға барып, ондағы жағдаймен де танысты. Ем-дом қабылдап жатқандардың хал-жағдайын біліп, сұрақтарына жауап берді. Аталған шара өзге де аудандар да жалғасын таппақ.
Зухра ӘбДІЛ-САТТАР
Көрнекі сурет әлеуметтік желіден алынды