1 наурыз Алғыс айту күні. Осы күнге орай Дін істер басқармасының қызметкерлері ардагерлерге алғыс айтып, сыйлықтар тарту етті.
Ұлы Отан соғысының ардагері Нұх Капизұлы кеудесін оққа тосқан батыр. Бүгінгі бейбіт күн үшін тер төккен қария 93 жаста. Жау мен шайқасқа шыққан уақытта жараланған сәт те болды. Бірақ, ол ел үшін күресе білген майдангер. Жарақатқа қарамастан шайқаса білді. Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығын игерген батыр білім саласында да ерінбей еңбек еткен. Ұстаздығы бір төбе ардагер әлі күнге қоғамдық жұмыстарға атсалысып тұрады екен.
- Елеп ескеріп жатқандарыңа алғысым шексіз. Болашақтың тізгіні мына сендерде. Еңбек етіп, халыққа қызмет жасаңдар,- дейді ақсақал.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Қожантай Қойбас Жалбырұлы- Сізге арнайы келіп, алғысымызды жеткізгіміз келді. Үлкенді құрметтеп, кішіге ізет көрсеткен халықпыз. Сізге мың алғыс, - деді Дін істер басқармасының бөлім басшысы Гүлмира Балқожаева.
Мұндай шаралар жастарға үлгі боларлығы анық. Алғыс алған абыройы артып, жақсылыққа кенеледі. Ендеше әрдайым айналаңызға алғыс айтып, жақсылық жасап жүріңіз.
Зухра ӘБДІЛ-САТТАР Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="49217,49218,49214,49216,49215"]