Қ.Сыдиықов атындағы облыстық орталық кітапханада ардагер ұстаз, поэзиядағы педагог ақын Орақ Байғалиевтың «Менің жырым - бүкіл әлем» атты оқырмандарымен кездесуі өтті.
Кездесуді кітапханашы Мейрам Байниязова жүргізді. Оқу залында «Таудан аққан өзендей тасып жырым» атты көрме ұйымдастырылды.Көрмеге ақынның «Тұңғыш», «Амал келді», «Сәуір туған шақ», «Сүмбіле», «Қараша» жыр жинақтарымен ақын өлеңдеріне әр жылдары жазылған Ж.Нәжімеденов, М.Мақатаев, М.Болатовтың пікірлері мен ақын өлеңіне жазылған сазгерлердің әндері көрмеде өз орынын тапқан екен.ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Ақтаулық теннисші ел чемпионатында күміс жүлде алды
Сондай-ақ ақын Орақ Байғалиев:
- Ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың, орыстың атақты ақындары Сергей Есенин, В.Высоцкии, М.Лермонтовтың бейітінің басына барғандағы әсерлері мен Мәскеу қаласында Дағыстанның ұлы ақыны Расул Гамзатовтың, орыс әдебиетінің бәйтеректері Роберт Рожденствский, Андрей Вознесенскийлермен поэзия туралы таңды таңға ұрып әңгімелескендерін, олардың өлеңге деген құрметтерін оқырмандарына тартымды етіп әңгімелеп берді.
Кездесу барысында ақын жарияланбаған өлеңдерін оқырмандарына оқып берді. Кездесуге қатысқан өлкетанушы журналист Ә.Спан ақынның өлеңдеріндегі ерекшеліктерге тоқтала келе пейзаж жасауда Орақ Байғалиевпен пейзажист Бунинді қатар атау орынды деп қазақ поэзиясындағы ақынның алар орынына тоқталып өтті. Сондай-ақ ақынның сыныптастары мен жазушы інілері поэзия, өнер туралы өз ойларын ортаға салды. Кездесу соңында өнер колледжінің студенттері ақынның өлеңдерін оқып, домбыра, қобыздан күй төкті.
Қабыл ӘБДІРАХМАНҰЛЫ