©
Ертең, 2018 жылдың 21 ақпаны күні сағат 10.00-де Ақтау қаласындағы "Абай" МДК Маңғыстау облысының әкімі Е.Л. Тоғжановтың облыс тұрғындары алдындағы есеп беру кездесуі өтеді.
Кездесу Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2016 жылғы 5 ақпандағы №190 «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес ұйымдастырылады.
Маңғыстау облысының тұрғындары облыс әкімі Ералы Тоғжановқа esep2018@mangystau.gov.kz электронды поштасы арқылы немесе қалалар мен ауылдар әкімдіктері ғимараттарында, халыққа қызмет көрсету орталықтарында орнатылған арнайы жәшіктерге салу арқылы жолдай алады.
Call центр: 778-102, 778-103