• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Жұма, 8 Қара. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Ақтауда «Патриот бол» атты гала концерт өтті...

Тамара Дүйсенова Маңғыстауда «Ауыл аманаты» бағдарламасының жүзеге асу бары...

Туған өлке тарихын толғаған

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай тұрғындарды қабылдады...

Ақтау қалалық мәслихаты хабарлайды...

    Бұл қалада халық шебері Ідірейіс Серікбаевтің де қолтаңбасы бар

    [ 2018 ] 15 ақпан, 12:43  |  Қоғам

    ©

    «Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі...»

    Н.НАЗАРБАЕВ («Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласынан)

    Форт-Шевченко қаласының оңтүстік шығыс бөлігі Бөгет аталады. Қалаға беттеген ас- фальт жолдың сол қапталында шағын ғана әсем үй тұр. Назар аударып, зейін қоя қараған кісі бұл үйден бірқатар сыр аңғарғандай болады. Жалғас екі үйдің біреуі шатырлы, екіншісі жай ғана жабылған. Бірақ ақ тастан ойып, бұрап жасалған бағаналары, қабырғалардың жоғарғы бетінің бір тектес өрнектері, тұрғын үйлерге жалғас тау тасынан салынған қоражәйдің қисынды қалануы, бәрі-бәрі бұл үйдің нағыз шебер қолынан шыққандығын байқатады.

    Иә, бұл үй - халық шебері Ідірейіс Серікбаевтікі. Ол осы үйді 1954 жылы 73 жасында салып, он бір жыл тұрған. Ідірейіс қария туралы Форт-Шевченко тұрғындары көп әңгімелейді. Осы қалада оның қолы тимеген құрылыс кемде-кем деседі. Ол еңбек жолын Октябрь революциясынан бұрын бастаған. Жастай жетім қалып, жалдамалы еңбекке араласады, осы өңірдегі саудагерлер мен кәсіп иелерінің қойма, дүкендерін салады. Қазіргі таңдағы 1927 жылғы Тарас Шевченкоға арнап орнатылған ескерткіш тұғыры да Ідірейіс атаның қолынан шыққан.

    Үлкен кісілердің айтуы бойынша, көз алдымда қыран көз, қияқ мұрт, қыр мұрынды қапсағай қара торы кісі Ідірейіс бейнесі елестейді. Батыл, әзілқой Ідірейіс жаз бойы үй салумен айналысады екен. Құралдары – деңгейлік (су ағаш), балта, ара, қашау, түрпі, май қалақ, балға, ұңғы, метрлік, т.б. Ідекең балағын тізесіне дейін түріп, көйлегін мойнына байлап алып, қолы-қолына жұқпай тас қалайтын өте шапшаң адам болған. Таудың әрқилы тастарын балшықпен ұстатып, үй тұрғызғанда лақтырған тастары мүлт кетпей, қалаған жеріне барып, түп-түзу боп орныға қалады екен. Бесоқты тамы, Қаңға мектебі, Сисем-ата қорымындағы ескерткіштердің бірқатары, қала саябағындағы 1927 жылғы Тарас Шевченкоға арнап орнатылған ескерткіш тұғыры да, қаладағы көптеген үйлер - бәрі де Ідірейіс қолынан шыққан.

    ...Алған беттен қайтпайтын қайсар, тәуекелшіл Ідірейіс 1929 жылы Шүйлі шатқалындағы тұщы бұлаққа қызығып, сонда көшіп барады. Бұл кезде шатқалда шаруа күйттеген аз-кем қой, қозысы бар үш-төрт үй отырады.

    Тас қалап, үй салып, там тұрғызған Ідірейістің де төрт-бес жандығы, бірер түйесі болса керек. Ідірейіс Мақашқаладағы ертеден таныс тасшы достарынан елу түп өрік шыбығын әкеліп, бұлақ маңын тегістеп, арық қазып, көшеттерді қадап тастайды. Су келер жерлерін ыңғайлап, атыздар жасайды. Көшеттердің отыз тоғызы көктейді. Бірақ көк желекке мал түсіп, тыным бермейді. Ідекең тау тасын қалап, шарбақ жасайды. Кейінірек, ертеден Маңғыстау жерінде өсетін тұт ағаштарының көшетін әкеліп отырғызады. Олардың біреуі ерекше биік болып өсіп, соның көлеңкесіне алты қанат киіз үйін тігіп отырған.

    1940 жылы Ідірейіс көп жыл қоныс етіп, өз үйіндей боп кеткен әсем табиғат аясымен қоштасып, өрік бағын Шевченко атындағы колхозға табыс етіп, Форт-Шевченко қаласына көшеді. Ідекең қалаға келгесін қол қусырып, қарап отырмайды. Интернат балаларына арнап Сүрәлі деген жерге жүгері, тары, бидай егеді. Басқа да көптеген игілікті істер атқарады.

    Ідірейіс Серікбаев 1965 жылы 84 жасында дүние салған. Зираты Жетібайдағы Мешітбай қорымында жатыр. Кереге тамын тұрғызған шәкірті – Мизамбай шебер.

    ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Маңғыстауда жаңа тарихи-мәдени мұралар анықталды

    Ідірейіс бағбан, халық шебері, оның қол таңбасы, маңдай тері мен зерделі ойының куәсі – Шүйлідегі шұрайлы бақ, Бөгеттегі бедерлі үй, қала, даладағы ғимараттар мен зираттар. Мұның бәрі де туған өлкесін шексіз сүйіп өткен қайсар адамның ізгі ісіне ізет, құрмет ететін біздің замандастарымызға, келешек ұрпаққа еңбек дәстүрін насихаттауда жарқын үлгі боларлық қасиетті іздер.

    Бұл күндерде Форт-Шевченконы музей-қалаға айналдыру, туризм туралы көп айтылуда. Енді Ідірейіс ата бағы күтімге алынса, қалпына келтірілген үйі Маңғыстау қолөнер шеберлерінің музейіне айналса деген тілек бар.

    Өйткені Ідекеңнен бұрын да, кейін де бұл түбекте халық шеберлері көп болған. Шебердің өз тұстары да аз емес. Олар туралы деректерді бір жерге жиыстыру, халыққа насихаттау – аса қажетті, игі іс.

    Елбасының: «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында туған жерге туыңды тік деген сөз бар. Осындай істі қолға алатын біздің түбекте қалталы азамат, патриот табылмай ма?! Әлде бізге Жұмабек Тәшеновтің табандылығы, Жұбанның жүрек жұтқандығы, Асқар Тоқпановтың айбаты, Бауыржан Момышұлының батылдығы керек болып тұр ма?!

    Айгүл БАЛАБАЕВА

    1177
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    қоғам аудан тынысы рухани жаңғыру
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    Мүмкіндігі шектеулілер мәселесін партияға айтты

    Келесі жаңалық

    Шетпе шамдары жарқырай түспек

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      Құрық мектеп-гимназиясында «Серікболтану» кабинеті ашылды

      [ 2019 ] 7 наурыз, 05:44
      2422

      Үздік жастарға арналған үлгілі марапат

      [ 2018 ] 27 желтоқсан, 10:12
      2064

      Діннен тін тартқан дәстүр — атадан мирас

      [ 2018 ] 24 желтоқсан, 06:24
      1388

      Жеңіске жақындатқан асыл ата

      [ 2018 ] 12 шілде, 05:23
      1439

      Жаңа туған бөбектің отбасына домбыраны сыйға тартты

      [ 2018 ] 4 шілде, 07:24
      1262

      Жауһар жырдың падишасы

      [ 2018 ] 22 маусым, 11:56
      1525

      Рубрикалар

        Анықтама бюросыӘлем жаңалықтарыХабарландыруҚарақияСаясатБайқауРедакция ұжымыАшық қоғамӘдебиет

      Автордың басқа да жазбалары

      Ақтауда есірткі сатқан жас жігіт ұсталды

      [ 2021 ] 16 маусым, 18:15
      3230

      Мал азығы: Қымбатшылық қысып барады

      [ 2021 ] 18 ақпан, 10:38
      2984

      Теміржолдағы апат азаймай тұр

      [ 2021 ] 17 ақпан, 11:32
      2823

      Бағзы дәуірден үн қатқан...

      [ 2021 ] 13 ақпан, 10:46
      3281

      Зейнетақы жинағын алу жолдары

      [ 2021 ] 13 ақпан, 09:53
      3092

      Тіл – адамзаттың ең басты қазынасы

      [ 2021 ] 12 ақпан, 16:18
      3066

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»