Ақтауда «Қауіпсіз қала» жобасының аясында қосымша 600 бейнебақылау камерасы орнатылатын болады. Бұл туралы Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.
Бүгін Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында Ішкі істер министрінің орынбасары Берік Бисенқұлов маңғыстаулық полицейлер былтырғы қызметін қорытындылады және алдағы басым міндеттерді қарады, сонымен қатар облыс көлемінде құқықтық тәртіп деңгейін көтеру туралы ұсынымдар берді.
Департамент басшысы Қанат Таймерденов облыс көлеміндегі криминогендік ахуал туралы баяндады. Қабылданған шаралардың нәтижесінде облыста тіркелген қылмыстардың 13,4%-ға азайғанын атап көрсетті.
Сонымен,бүгінгі күні аймақтағы қарапайым қылмыс деңгейі елдегі ең төменгі көрсеткіш болып отыр және 10 мың адамға шаққанда 88 ғана қылмысты (1 орын) құрайды.
"Аса ауыр қылмыстар саны тиісінше 2%-ға, орташа және аса ауыр емес қылмыс тиісінше 15,8%-ға және 22,6%-ға төмендеді. Кісі өлтіру саны (40%-ға), ауыр дене жарақаттарын салу (12,8%-ға), зорлау (31%ға), тонау (18,5%ға), бұзақылық (17,4%-ға), басқа біреудің мүлкін ұрлау (13,5%-ға), оның ішінде: барлық түрлерінің саны азайды", - деп хабарлады ІІД баспасөз қызметі.
Барлық қылмыс түрлері, аса ауыр қылмыстар бойынша - 96,2% (93,3%), оның ішінде кісі өлтіру - 90,9% (86,5%), денсаулығына зиян келтіру - 97,7% (93,8%), тонау - 89,2% (82,9, тонау - 71,4% (55) , бұзақылық - 73,6% (64,4%), бөтеннің мүлкін ұрлау - 36,1% (28,3%), соның ішінде ауыр ұрлық - 71,1% (61,7%), сонымен қатар «ізін суытпай ұстау» бойынша қылмысты ашу көрсеткіші артқан.
Алайда кәмелетке толмағандар жасайтын қылмыс 9,7%-ға, масаң күйде жасалатын қылмыс 4% -ға өскен.
Жедел жиналыста Ақтау және Жаңаөзен қалалық ІІБ-ның, ЖПҚ, ҚАЖД-нің басшылары есеп берді.
ІІД бастығы қазіргі таңда ішкі істер органдарының қызметтері мен бөліністерінің материалдық-техникалық базасын күшейту, 313 бейнебақылау камераларының қуатын пайдалану арқылы, оның 174-і Ақтау және 139-ы Жаңаөзен қалаларының ЖБО-сына қосылғандығын, «Қауіпсіз аула» жобасы аясында 217 қылмыстың, соның ішінде 60 ұрлықтың ашылғанын атап көрсетті. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жұмыс жалғасуда, оны іске асыру үшін 600 бейнебақылау камерасын орнату мен «Ақтау қаласындағы CCTV енгізу және қызмет көрсету («Қауіпсіз қала») жобасы әзірленуде.
Жиналыс барысында Б.Бисенқұлов ІІД-нің облыстық басқармасы және оның аумақтық бөлімшелері басшыларына қызметтің барлық салалары бойынша, сондай-ақ жеке құрам арасында тәртіп пен заңдылықты нығайтуға, жемқорлық құқық бұзушылықтарына жол бермеуге бағытталған нақты міндеттерді алға қойды.