©
Аудандық төтенше жағдайлар бөлімі аудан аумағында автокөліктегі өрттің алдын алу бағытында рейд жүргізді.
Өткізілген шараға Мұнайлы ауданының ТЖБ басшысы міндетін атқарушы Азамат Құлманов, бөлімнің аға инженері Айдос Жанзақов және №5 өрт сөндіру бөлімі атсалысты. Сондай-ақ бұл шараға жергілікті полиция қызметкерлері мен техникалары жұмылдырылды.
Рейд кезінде 30-ға жуық автокөлік иелеріне үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, жадынамалық парақшалар таратылды. Сонымен қатар автокөліктегі өрт сөндіргіш құралдары, техникалық байқауларының жарамдылығы тексеріліп, көліктерінен кемшіліктер анықталған 7 азаматқа ескерту берілді.
З.ӘБДІЛ-САТТАР
Тағы оқыңыз: Қаламгер Ө.Озғанбаевтың үш кітабы жарық көрді