©
ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер» туралы заңының 1-бабы, 5-тармағында «Миссионерлік қызмет — Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың, Қазақстан Республикасында тіркелген діни бірлестік- тердің атынан Қазақстан Республикасы аумағында діни ілімді таратуға бағытталған қызметі» делінген. Аталмыш заңның 8-бабы, 1-тармағы бойынша миссионерлік қызмет көрсетуші адам міндетті түрде тіркеуден өтуі тиіс. Осы орайда Бейнеу ауданында да 2017 жылдың 18 маусымында Иегова дінін насихаттап жүрген 1986 жылы туылған С. Нуриева деген азаматша ұсталды. Ол азаматша Иегова дінін насихаттап, тұрғандарды өзінің қатарына қосқысы келген. Түсінік бере кетсек, әлемнің көптеген елдерінде «Иегова куәгерлері» діни ұйымы дәстүрлі емес дін ретінде танылған. Олар қандай да бір мемлекеттің туы мен әнұранын орындауға және ер азаматтардың әскерде борышын өтеуге қарсы болады. Медицина саласындағы қан құю және қан өткізуді дұрыс емес деп есептейді. Ұлттық мерекелер мен туған күнді тойламайды.
С. Нуриева дәстүрлі емес дінді насихаттауымен қоймай, заңды бұзған. Яғни миссионерлік қызмет атқаруы үшін тіркеуден өтпеген. Заңды бұзушы, дәстүрлі емес дінді насихаттаушы С. Нуриеваның іс -әрекетін аудан тұрғыны Айгүл (аты өзгертілді) есімді азаматша байқап қалып, арнайы орындарға хабарлаған. Нәтижесінде С.Нуриеваның заңсыз іс-әрекеті анықталып, тергеліп, іс-қағаздары сотқа жолданып, Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 490-бабының 3-бөлімшесіне сәйкес оған 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.
Б. ТӨТЕНОВ
Тағы оқыңыз: Түпқарағандықтар игі бастаманы қолдады