©
Өткен жыл соңындағы жаңалықтардың бірі Бейнеу аудандық емханасы жанынан «Бала күтімі» ресурстық орталығы ашылды. Бұл арнайы бала күтіміне арналған кабинет құрал-жабдықтармен толықтырылған. Орталықтың ашылуын облыстық «Бәйшешек» қорының директоры Алтын Сақтағанова келіп ашып, жұмыс барысымен түсіндіріп, кабинеттің ішкі жұмыстарын «Жайдарлы» үкіметтік емес ұйымының директоры, «Ана мен бала» денсаулығының күтімінің дәрігері Набия Айлашоваға тапсырды.
Бұл орталықтың ашылуындағы мақсаты жаңа туылған нәрестелердің алты айынан бастап, бес жасқа дейінгі өмірі, қалай тамақтануы, дұрыс дамып жетілуіне болашақ жас аналарға бағыт-бағдар, кеңес беру, үйрету, және тәжірибе жүзінде көрсету, ана мен бала өлімінің алдын алу болып табылады.
Ана мен балаға өткендегіден көбірек қауіп төнетін мәдени ортада, ықпалдастық маңызды құрал болып есептеледі, яғни сәбиді қалыпты жетілдіруде білімді тарату талап етіледі.
Қазақстан дамушы мемлекет, сондықтан да Ұлт болашағының кепілі – бұл бала денсаулығы. Ал баланың денсаулығы анасының денсаулығына, осы бағыттағы біліктілігіне және айналасындағы жандардың сауатты болуына тікелей байланысты.
«Отан отбасынан басталады» дегендей және де бақытты отбасының негізі – бұл ұрпақтың жалғасуы. Ұрпақты қалыпты жетілдіру мен жаһанданудың кей тұстары бір-біріне қайшы келіп, осы қарама-қайшылық бүгіннің өзекті мәселелерін туындатып отыр. Сондықтан да бұл «Бала күтімі» ресурстық орталығының жұмысы жас аналарға арналған жаңа туған сәбилеріне күтім жасау, бір жасқа дейін қалай бағып-қағу, тамақтандыру түрлерін түсіндіріп мамандар бағыт-бағдар береді.
Бұл шара барысында аудандық аурухананың төртінші филиалының меңгерушісі Рабиға Тәшімова да өз ойын ортаға салып, ұсынысын айтып, пікір білдірді. Шара соңында қор директоры Алтын Сақтағанова балаларды тәрбиелеуде белсене атсалысып, игі жұмыстарға демеулік жасап жүргені үшін Набия Айлашоваға арнайы мадақтама табыс етті.
Үміт ҚАЗДАЕВА
Тағы оқыңыз: Экзотикалық құстар әлеміндегі түйеқұс «Қаражорға» билейді