©
Жаңа жылдан бастап елдің 12 өңірінде коммуналдық қызмет тарифі көтеріледі. Бұл туралы Табиғи монополияларды реттеу комитетіне сілтеме жасап КТК арнасы хабарлады.
Алғашқылардың бірі болып Ақтөбе облысы коммуналдық қызмет бағасын көтеруді бастады. Мәселен электр қуаты 10, газ 8 пайызға өскен. Тек судың құнына 3 пайыз ғана қосылды.
"Жергілікті атқамінерлер барлық жағдайды ескере отырып шешім қабылдағандарын, сондықтан бұл қымбаттаудың негізсіз емес екенін алға тартады", - делінген ақпаратта.
- Жоспарлы өсімдер бекітілді. Яғни, 2016-2020 жылдағы қарастырылған тарифтер 2018 де жалғасуда. Қоғамдық маңызы бар тауарларға да өсім байқалуда. Жыл соңында біздің департаментке өздерінің өсу туралы хабарламаларын жолдаған болатын. Соны қарау нәтижесі бойынша электр энергияда тариф 10 пайызға өсетін болады, - деді Табиғи монополияларды реттеу департаменті басшысының орынбасары Нұрлан Болатбаев.