Көне әдебиеттерде, әсіресе, түркі тілдес халық дәстүрінде жұртшылықтың бір-біріне ақысыз, қайтарымсыз көмек көрсетуі, бірлесіп, жұмыла көмектесуін асарлатып қызмет етті деп жатады. Асылы, «асар» сөзінің астарында осындай үлкен мағына жатса керек.
Облыс әкімінің «Асар» деп аталатын акцияны ұйымдастырудағы бастамашылығы да жаңа жыл қарсаңында жұртшылыққа мерекелік көңіл күй сыйлап, көпшіліктің ауызбірлікте, бірлікте, ынтымақта болуына шақырғандай. Жаңаөзен қаласының әкімі Әділбек Дауылбаев, қалалық мәслихат хатшысы Сақи Мыңбай, «Нұр Отан» партиясы Жаңаөзен қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Байжановтар бірнеше отбасыны жаңа жыл мерекесімен құттықтап, балаларға тәттілер мен сыйлықтарын табыс етті.
Жаңаөзен -ақпарат