©
Мұнайлы қала Жаңаөзенде Марабаев даңғылы бойында орналасқан «Бұрғышылар» аллеясы ескерткішінің жанынан белгілі мұнайшы, мемлекет және қоғам қайраткері Нәсіпқали Марабаевтың туғанына 80 жыл толуына орай бюст ескерткіш ашылды.
Салтанатты шараға қала әкімінің орынбасары Исахан Сағынбаев, қалалық мәслихат хатшысы Сақи Мыңбай, мекеме басшылары, ардагерлер, қалалық мәслихаттың депуттары және жастар қатысты. Нәсіпқали Әбуғалиұлы Маңғыстау облысына сіңірген еңбегі, адамзатқа, табиғатқа деген қамқорлығы арқасында ел есінде мәңгі қалады. Ескерткіштің қойылу мақсаттарының бірі - өскелең ұрпаққа өнеге, патриоттық тәрбие беру болып саналады. Қалалық мәслихат хатшысы Сақи Мыңбай және ардагердің ұлы Ермек Марабаев ескерткішті салтанатты түрде ашты. Содан кейін жиналған қауым ескерткіш алдына гүл шоқтарын қойды. Шара барысында ардагер мұнайшы Тыныштық Базарбаев сөз сөйлеп, Нәсіпқали Марабаевтың адамгершілік қасиеті жоғары болғанын, өзінің бірге қызмет атқарған жылдарын еске алды.
Гүлсім ОСПАН