©
Дүниежүзілік пошта күнін мерекелеу аясында ұлттық пошта операторы жыл сайынғы «Үздік пошташы» және алғаш рет «Үздік сұрыптаушы» аталымдары бойынша байқау ұйымдастырғанды. Сондай-ақ үнемді өндіріс құралдарын енгізуші «Lean Kazpost» үздік командалары таңдалды.
Байқау нәтижесінде жеңімпаздар мен қатысушыларға грамоталар мен бағалы сыйлықтар табысталды. Үздік пошташылар, сұрыптаушылар және Қазпоштаның үнемді өндіріс командалары Ұлыбритания, Жапония және Қытай елдерінің пошталық-логистикалық орталықтарына апталық тағылымдамадан өтуге жолдама алды. Астана қаласындағы өткен финалдық байқауда еліміздің әр өңірлерінен барған үміткерлер бақ сынап, білімі мен білігін сарапқа салды.
Тағы оқыңыздар: Сан қырлы Сайын ағаБайқау қорытындысы бойынша «Жаңғыру мен бастама» аталымы бойынша Маңғыстау облыстық филиалы, «Өзгерістермен жігерленген» аталымы бойынша Астана поштасы, «Ең жоғары технологиялы» аталымымен Қарағанды облыстық филиалы, «Тиімділігі жоғары филиал» аталымын Оңтүстік Қазақстан облысының филиалы иеленді.«Үздік пошташы – 2017» атағын Қарағанды облыстық филиалының пошташысы Ольга Шевченко жеңіп алса, «Қазпошта» АҚ Ақтөбе облыстық филиалының сұрыптаушысы Марина Жаманбаева «Үздік сұрыптаушысы–2017» атағын жеңіп алды.
Байқауда Маңғыстаулық пошташылар сұраққа жауап беру, командалық жұмыс атқару, берілген тақырыпты ашу бойынша сындардан өтті. Жеңімпаздар Ұлыбританияға, Қытайға, Жапонияға тағылымдамадан өтуге барады.
Фарида МҰҢАЛҚЫЗЫ