Ата заңымыздың ең бірінші бабында «ҚР - құқықтық және әлеуметтік мемлекет, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деген қастерлі сөздер бар. Сондықтан әрбір тұлға өз құқықтарын жете біліп, заң білімі саласын дұрыс меңгергені абзал. Себебі заңды білген әр бір тұлға өз құқығын қорғай алады және де еліне, өзіне, сонымен қатар өзгеге де турашылдық адал қасиеттерін көрсетеді.
Жақында Қарақия аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің мәжіліс залында тұтынушының құқығын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Маңғыстау облысы бойынша тұрғындардың құқығын қорғау жөніндегі қоғамдық бірлестігінің директоры Н. Рафикова мекеме қызметкерлеріне түсіндірме жиын өткізді. Ол жиында:
- Адам өз құқығын қорғай алуы тиіс, алайда, өз құқығын білмей сан соғып жүретін жандар қоғамымызда жетерлік. Біздің жалпы мақсатымыз – осындай семинарлар арқылы адамдардың құқықтық сауаттылыққа деген қызығушылығын ояту,-дей отырып, жалпы жастарға қажетті мәліметтер жеткізіп, тұтынушылардың құқықтарын бұзуға жиі әкеп соғатын жүйелі мәселелерді атап өтті. Олар ең бірінші қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің кәсіпқойлығының төмендігі және тұтынушыларға сату- шылардың немқұрайлы қарауы, тауарлар мен қызмет көрсететін қызметтер сапасын тексеретін инспекторлардың парақорлығы және де ең маңыздысы, кейбір азаматтардың өз құқықтары мен мүдделерін қоғауда белсенділік танытпауы жайлы мәселелерге тоқталды.
Тағы оқыңыздар: Екі шетелдікпен әңгімеЕгер тұтынушының құқығы бұзылған жағдайда сіз екі дана жазбаша түрдегі шағым арызын жазып, оның бір данасы хабарлама жіберілуі қажет болатын тарапқа тапсырыс хат арқылы жолдайсыз. Тұтынушы өзінің қолында қалған данасына сатушының аты-жөні, тауардың алған күнін көрсетіп, қолын қойғызып алуы тиіс. Демек сатушы шағым арызына 10 күнтізбелік күн ішінде жауап берілуін ескертті. Егер тұтынушы құқығы бұзылса, сапасы дұрыс емес тауарды қайтару мерзімі тауарды сатып алған күннен бастап 14 күн ішінде өз күшін жоймайтынын және тұтынушының кемшілігі анықталғанда тұтынушы не істеу керектігі жөнінде маңызды ақпараттар кеңінен айтылды. Жиын соңында мекеме қызметкерлеріне Маңғыстау облысы бойынша тұрғындардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық бірлестік ұйымының атынан сертификаттар берілді. Маңызды ақпарат алған мекеме қызметкерлері мұндай семинарлардың жастар үшін, жалпы халық үшін маңызы зор екендігін айтып, Н. Рафиковаға алғысын жеткізді.
Фариза ХАЙДАРОВА