Жаңаөзендегі жылу қазандықтары будан ток өндіреді
[ 2017 ] 19 қазан, 05:14 | Қоғам
Бұл туралы Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов Жаңаөзенге іссапары барысында айтылды. Аймақ басшысы қаладағы жылу өндіру, тасымалдау және тарату қызметтерімен айналысатын «Өзенжылу» мекемесінің жұмысымен арнайы танысты.
Әрқайсысы сағатына 25 тонна бу өндіретін 6 қазандық жұмысы қарқынды жүріп жатқандығы байқалды. Қазіргі таңда еліміз бойынша Siemens Frankenthal компаниясының 8 бу турбогенераторы жұмыс жасап жатса, соның үшеуі - Жаңаөзенде. Өткен жылы Германиядан біліктілігін арттырып келген 9 маман Степногорск қаласынан шақыртылып, турбинаны орналастыру жұмыстарымен жүргізген болатын. Турбинада өндірілетін ток мекеменің өзін-өзі токпен қамтамасыз етуіне жол ашады. SST-060 бу турбиналары машиналар мен жабдықтардың еуропалық стандартына сай. Мұндағы будың температурасы 300-ден 4000С-қа дейін барады. Турбинаның мұндай түрлері әлемдік нарықта қолжетімділімен көзге түсіп үлгерді. Қаржылай өзін-өзі ақтауына келер болсақ, күніне 3 000 кВт 24 сағатта 702 мың тг., айына 936 000 теңгеден 30 күнде 21 080 000 теңгені, жарты жылда 126 480 000 теңгені құрайды.
- Жаңаөзен қаласы бойынша жылу электр станциялары қосылып жатыр. «Өзенжылу» мекемесіне қысқы маусымда тұрғындармен тығыз жұмыс жасалады. Біз жылу беру арқылы одан шыққан турбинаға берілген будан ток өндіріледі. Жалпы токтың өндірілу мөлшері 8 мБ, оның 5 мБ-ты қала тұрғындарына берілсе, қалғаны осы жылу электр станциясының өзін-өзі қамтамасыз етуіне жетеді, - дейді қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын-үй инспекциясы бөлімінің басшысы Нұрхан Мұстафаев.
Мұнда әрбір нысанда қызмет атқаратын жұмысшылардың техника қауіпсіздігімен таныс болуы міндетті. Мекемеде әрбір жылу беру маусымы алдында жұмысшылардың білімін тексеріп, рұқсат құжаттары беріледі. Сондай-ақ олар арнаулы жұмыс киімдерімен қамтамасыз етілген. Мекеме өрт дабылқаққыштары, газдың шығып кетуін тексеруші сынды қауіпсіздік сақтау құралдармен жабдықталған.
- Осы жаңа бу турбиналарының іске қосылуы мемлекет тарапынан тұрғындарға көрсетіліп жатқан үлкен қамқорлығы деп ойлаймыз. Енді жылу мен қатар электр энергиясына да қатар беретініміз көңіл қуантады, - дейді ОЖҚ бастығының орынбасары Оразбибі Бектілеева.
Әсел ҚОЙШЫБАЕВА
Суреттерді түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="39446,39445,39442,39443"]
894
Маңғыстау Медиа
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.