Бұған дейін азаматша кәмелетке толмаған қызымен бірге Маңғыстау облыстық ауруханасы жедел-жәрдем бөліміне түскендігін хабарлаған болатынбыз.
1979 жылы туған ересек әйел қызымен үшінші қабаттан секіріп кеткен. Бес қабатты үйдің түбінде жатқан әйел мен 2002 жылы туған қызын көрші үйдің тұрғыны байқап қалған. Оқиға Ақтау қаласы 11-шағын ауданында болды.
Кейін анықталғандай, емханада жатқан 2 азаматша жергілікті полиция өкілдерінен қашпақшы болған.
- 1979 жылы туған азаматша Алматы және Шымкент қалаларында ұрлық істеді деген күдікпен іздестіруде жүргені анықталды. Бұған дейін Шымкентте ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын, - дейді Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметінің басшысы Жазира Әбіл.
Қазір зардап шеккен әйелден түсініктеме алынып жатыр. Неліктен 3-қабаттан секіргендігі жөнінде нақтырақ тергеу жұмыстары аяқталғаннан кейін анықталады.
«Тексеріс кезінде Ішкі істер басқармасының жедел криминалистік бөлімінің 2 қызметкері ОҚО ІІД басшысының бұйрығымен Шымкенттен Ақтауға келген. Олар ұрлық фактісі негізінде сотқа дейінгі тергеу бойынша күдікті әйел жалдап жатқан пәтерді анықтаған. Әйел 11-29-83 пәтерінде қызымен тұрып жатқан», делінеді облыстық прокуратура жіберілген хабарламада.
Тағы оқыңыздар: Маңғыстауда бензин бағасы тұрақтала ма?Тұтқындауға келген азаматтардан қашқан олар киімімен, сөмкесімен 3-қабаттан жастықты құшақтап секірген.
Анасы мен қызының жағдайы бірқалыпты, травматология бөлімінен аурухана бөлмесіне шығарылды. Қазіргі күні күдіктілерден жауап алу үстінде.
Айгүл ДӘДЕН