Облыста кең жолақты интернетпен қамтылмаған мектептер бар
[ 2017 ] 2 қазан, 11:41 | Қоғам
Бұл туралы облыс әкімі Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде айтылды.
Жиында мектеп оқушыларына электронды білім беру тақырыбында сөз қозғалып, облыстық білім басқармасының басшысы Зейнеп Тастемірова осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде есеп берді. Оның облыс мектептері толық кең жолақты интернет байланысына қосылды, тек санаулы мектептерде ғана оның жылдамдығы жеткіліксіз деген сөзіне күмән келтірген облыс әкімі «Қазтелеком» мекемесі басшысынан, Қарақия ауданы әкімінен сұрастыра келе, нақты ахуалдың басқаша екендігін еске салып, баяндамашыға сын-ескертпе жасады.
- Мәселенің шынтуайтына келгенде әлі де кең жолақты интернетті пайдалана отырмай отырған мектептер әр ауданнан да табылады, - деді аймақ басшысы.
Айтқандай, мәжіліске қатысып отырған Қарақия ауданының әкімі мәселесі шешілмей тұрған 3 мектепті келесі жылдың бірінші жартыжылдығында кең жолақты интернетпен қамту жұмысын тындыратындығы туралы уәде берді. Сондай-ақ облыс басшысы бес күндік оқу тәртібіне көшкен оқушылардың сенбі күнін тиімді пайдалану үшін тәрбиелік шаралармен қамтудың ортақ бағыт-жоспарын белгілеу жөнінде ұсынысын айтты.
Тағы оқыңыздар: Қазақстандағы 1700 ауылға интернет тартылады
Сонымен қатар, жиында Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында бұдан былай Маңғыстау облысы әкімінің «Үздік педагог» және «Үздік орта білім беретін ұйым» сыйлықтары тағайындалатыны айтылды. Конкурс жыл сайын ұйымдастырылады. Бұл туралы айтқан Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Руслан Сакеевтің ұсынысы өңір басшысы тарапынан қолдау тапты.
М.ЖЕТЕКБАЙ
Суреттерді түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="37711,37709,37710"]
1045
Маңғыстау Медиа
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.