©
Мұнайлы аудандық сотында, ҚР ҚК-нің 346 бабы 1 бөлігімен қылмыстық теріс қылық жасаған А-ға қатысты қылмыстық ісі қаралды. Сотта анықталғандай А., 26 сәуір 2017 жылы өзінің Daewoo Neхia маркалы, мемлекеттік белгісі R 303 KFM автокөлігін алкоголь ішімдігін ішкен күйде басқарып келе жатырған кезде Мұнайлы ауданы, Басқұдық селосы, «Кука» дүкені қасында сағат 09.00-де шамасында Мұнайлы аудандық ІІБ-нің қызметкерлерімен ұсталынған. Сот үкімімен А. жоғарыда аталған баппен кінәлі деп танылып оған осы аталған баппен 250 (жүз) сағат қоғамдық жұмыстарға тарту және 3 жылға көлік құралын басқару құқынан айыру түріндегі жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енбеген.Мұнайлы аудандық сотының баспасөз қызметі