Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңіс мерекелерінің қарсаңында Мұнайлы ауданындағы Ауған соғысының ардагерлеріне аудан әкімдігі тарапынан кеңсе берілді. Жаңа орынның тұсауын аудан әкімі Нұрлан Тәжібаев пен Ақтау қалалық "Боевое братство" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мәтжан Шаулиев кесті. Ашылу рәсіміне аудан басшысынан бөлек қорғаныс бөлімінің басшысы Мұрат Жанисов, зиялы қауым өкілдері, Құрметті азаматтар қатысып, интернационал сарбаздардың өскелең ұрпақтың бойына патриоттық сананы сіңіру жолындағы жұмыстарына табыс тіледі.
Шахида Жұман