©
26 сәуір күні Түпқараған аудандық «Дарын» қосымша білім беру орталығында Чернобыль атом электр станциясында болған қайғылы жағдайға 30 жыл толуына байланысты оқушылар мен Чернобыль апатын заласыздандыруға қатысқан ардагерлермен кездесу болып өтті. Іс-шара аясында оқушылардың «Чернобыль атом электростанциясына 30 жыл» атты суреттер байқауы мен аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің ұйымдастыруымен кітап көрмесі қойылды.
Өткен ғасырда орыны толмас қайғы мен қасірет құштырған Украйнадағы бейбіт мақсатта жұмыс істеп тұрған Чернобыль АЭС–ның бақылаудан шығып, нәтижесінде Украинаның елеулі аумағы мен Ресейдің Брянск және Калуга облыстарының радиоактивтік бүлінуіне ұшырауы болашаққа сабақ болар тарихи шындық еді. АЭС-тен радиусы 30 км жерде тұратын халық басқа жерлерге көшірілуі мен 1986 жылдың қараша айына дейін апатқа ұшыраған блок залалсыздандырылды. Сол жұмыстарға 1986-1990 жылдары әскери борышын өтеуге аттанған Қазақстандықтар апатты залалсыздандыру үшін жұмылдырылды. Маңғыстаудан 2 мың жарымнан аса адам қатысса, солардың арасында Түпқараған ауданында бүгінде арамызда жүрген, ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі есебінде тұрған Құрақбай Қыдыршаев, Жақсылық Қосщиев, Ерсайын Нұраханов, Бақтығали Тоқсанов, Кенжетай Бозатов, Темирхан Есенбаев Чернобыль апатын заласыздандыруға қатысқан болатын. Аудан әкімдігінің ғимаратынан жастар ортасында кездестіруді дұрыс деп шешекен аудан әкімдігі бұл шараны оқушылар мен кездесу ретінде ұйымдастыруды көздепті. Кездесуде арнайы шақыртылған, жоғарыда аттары аталған батыр-ардагерлер оқушыларға өздерінің қалай аттанғандары, залалсыздандыру жұмыстарын қалай жасағанадары жөнінде айтып берді.
Чернобыль ардагері Тоқсанов Бақытқали 1987 жылы 26 тамызда военкомат арқылы ЧАЭС-дағы аварияны тоқтату үшін басқада қатысушылармен бірге жолданады. Ол өзінінің аттанған сәтін былай деп еске алды:
- 1987 жылы шілде айында Чернобыль қаласындағы атом электр станциясында болған апаттық зардаптарын жою жұмыстарына қатысуға Украина жеріне Отан алдындағы борышымызды өтеуге аттандық. Еш алаңсыз жастықтың буымен жолда кетіп бара жатсақ, жолаушы әйел адамдар бізді Чернобыль қаласына алып бара жатырғанын айтты. Жас екенімізді, ертеңгі күні болашағымызға, денсаулығымызға әсер ететінін айтып жатырғандары есімде. Ол кезде де еш мән бермеген жастықпен аттана бардық. Сол кездегі саясат, үкімет тапсырмасы, ер азаматтардың азаматтық борышын өтеудегі жауапкершілігі мен досқа, көрші елге көмек қолын созу, көмектесу деген ұстаным ғана бізді ол ойымздан қайтарған жоқ, - деп еске алды бүгінде 4 баланың әкесі, отбасның тірегі, ардагер азамат.
Кездесуде сөз алған аудан әкімінің орынбасары Талғат Алтынғалиұлы аудан әкімі атынан ардагерлерге алғысын білдіріп, бар мәселелері бойынша қабылдауға әзір екенін, әрі Ақтау қаласындағы «Шағала» шипажайына демалыстарын ұйымдастыруға көмектесетенідіктерін жеткізді. Шара соңында ардагерлер «Дарын» қосымша білім беру орталығының ауласына тал отырғызды.
Милана ЕЛЕУСІНОВА