©
Бейбіт күнде көрші елдің қайғысына ортақтасып, Чернобыль апатының салдарын жоюға қол ұшын созып аттанған ардақты ардагерді ұлықтауды, атаулы күнге 30 жыл толуын байланысты ескеруді ұйғарған Ақкетік жастары бүгін ардагер шаңырағында қонақта болды. ЧАЭС апаты салдарын жою қатысушысы Ерсайын Кұрманғалиұлы өзінің шаңырағына шақырусыз келген жастарды бөтенсімей, басынан өткен оқиғаларымен бөлісті.
1960 жылы 31 шілде айында Атырау облысында, Мақат ауылында, қызметкерлер отбасында дүниеге келген Ерсайын Құрманұлы Нұраханов 1967-1977 жылдары Форт-Шевченко қаласындағы С.М.Киров атындағы орта мектебін бітіреді. Мектепті бітірісімен Отан алдындағы борышын өтеу үшін 1978-1980 жылдары әскер қатарында болады. Әскерден келісімен 1980 жылы АТП-4 мекемесінде слесарь, көлік жүргізуші болып бірден еңбекке араласады. Кейіннен РСУ ПМК 1206 мекемесінде тас қалаушы болып қызмет жасайды. 1987 жылы тамыз айында әскери бөлім арқылы Чернобыль атом электро станциясы апатын жою үшін көмекке шақырылады. Көмек қолын созуға өз өміріне, денсаулығына қауіп төніп тұрғанына қарамастан жас болса да жауапкершілік жүгін арқалап кеткен сол кздегі жігіттер бүгінде ЧАЭС апаты салдарын жою қатысушысы ретінде “Участник ликвидации последствии аварии ЧАЭС” естелік белгісімен марапатталған. Өздерінің жасаған көмектерін, әскери борыш не тапсырма деп емес, азамттық борыш, көмек деп есептеген азамат Ерсайын Кұрманғалиұлы бүгінде Форт-Шевченко қаласында тұрады. Мерейлі отбасының иесі, екі қызын құтты орнына қондырған алты жиеннің аяулы нағашы атасы. Жалғыз ұлы шаңырағының иесі баласы мен келіні де бір шаңырақты толтырып отырған екі немересі бар.
Милана ЕЛЕУСІНОВА