Қадірлі ағайын!
2016 жылғы қыркүйек айының 29 жұлдызында Үстірт жазығындағы Ақ-ой жерінде халықты азық-түлікпен, өндірісті шикізатпен қамтып, қыстың суығында, жаздың аптабында бел шешпей еңбек етіп жүрген ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің Кеңесі өткізіледі.
Кеңес аясында «Аламан бәйге», ұлттық спорттық сайыстар, концерттік бағдарламалар жоспарланған.
КЕЛІҢІЗДЕР, КӨРІҢІЗДЕР!
Анықтама тел. 605114, 605116, 605119
Орналасқан жері: Сай Өтес елді мекенінен Бейнеу елді мекені бағытындағы жолмен 14 шақырым (нұсқаулық белгі орналастырылады)
Шараға қатысуға ниет білдірген облыс тұрғындары мен қонақтары үшін ақысыз көлік ұйымдастырылды (автобус 29а ш/а «Нұр Плаза» қонақ үйінің алдында 29 қыркүейк күні сағат 07.00-ден 08.00-ге дейін тұрады)
Ұйымдастыру алқасы